Қоректендіргіштер. Қоректендіргіштер сусымалы материалдарды
тасымалдағыш қҧбыржолына беруге арналған. Олар шиыршықты және
камералы болып бӛлінеді. Шиыршықты қоректендіргіштің сҧлбасы 11-суретте
кӛрсетілген. Қоректендіргіш тҧрқы 3 шанақ аузына жалғасқан, ал тҧрқы
ішіндегі тӛлкеге жиілігі 1000 айн/мин, айнымалы адымды шиыршық 5
орнатылған. Шиыршықтың адымы біртіндеп азая отырып, берілетін
материалдардың тығыздалуы қамтамасыз етіледі, бҧл сығылған ауаның шанақ
ішіне енуіне кедергі жасайды. Қоректендіргіштің тіреуіш бӛлігі 1
қымтағыштарымен 2 рамаға 8 орнатылған. Аараластырғыш камераға 6
тасымалданатын материалмен бірге сығылған ауа беріледі. Бҧл ауа жоғары
жылдамдықпен форсункадан шығып, материал тҥйіршіктерін ілестріп алып
қҧбыржолына береді. Материал кеуекті тақтайшалар 7 кӛмегімен аэрация-
ланады. Материал мен ауа қоспасының концентрациясы иінтірек арқылы
клапанмен реттеледі. Араластырғыш камерасындағы ауа қысымы 0,18 ... 0,25
МПа. Камералы қоректендіргіштер бір және екі камералы болып бӛлінеді.
Ауаны жоғары қарай ҥрлейтін бір камералы қоректендіргіштердің
тасымалдағыш қҧбыржолдары камера осьімен вертикаль орналасқан.
Камераның тӛменгі конусты бӛлігінде кеуекті тақтайшалар орналасқан, олар
арқылы сығылған ауа ӛтіп, камераның тӛменгі бӛлігіндегі материалды ауадан
тазартады (аэрациялайды). Ауадан тазартылған материал ауа қысымымен
қҧбыржолына беріліп, оның бойымен жоғары қарай жылжиды.
11-сурет. Шиыршықты қоректендіргіш
Сопло. Соратын пневмотасымалдағыш қондырғылардың қҧбыржолдарына
ҥйілмелі материалдарды беру ҥшін стационарлы және жылжымалы соплалар
қолданылады. Сопло сыртқы және ішкі қҧбырдан тҧрады. Қҧбырлар саңылау
енін реттеп тҧратын реттегіш бҧрандалар мен сомындармен жалғастырылған,
олардың кӛмегімен сыртқы қҧбырдағы ауаны ішкі қҧбырға жіберіп тҧрады.
Сопло сусымалы материал штабелінің бетіне астыңғы конусты раструбымен
36
қондырылады және ӛз салмағының әсерімен аздаған тереңдікке батырылып
тҧрады. Жоғары жылдамдықпен сақиналы саңылау арқылы ҥрленетін ауа
конусты раструбтағы материалды қопсытып, қҧбыр бойымен тасымалдағыш
қҧбыржолына тартып әкетеді. Сорғыш сопло диаметрі 45...180 мм және
ҧзындығы 800....1200 мм; қҧбыр қабырғасының қалыңдығы 1,5....2 мм болып
жасалады.