Сусымалы материалдарды тасымалдауға арналған жабдықтар. Пневмотасымалдағыштар. Пневматикалық тасымалдағыш. Пневматикалық тасымалдағыш қондыр-
ғылары ҥйілмелі және даналы жҥктерді қҧбырмен немесе науашамен сығылған
немесе сиректелген ауа арқылы тасымалдауға арналған.
Ҥйілмелі жҥктерге арналған қондырғылар шаң тәрізді, ҧнтақ, тҥйіршікті
және кесекті материалдарды қозғалта алады, ал жеке жҥктерге арналған
қондырғылар қҧбыр бойымен әртҥрлі ӛндірістік қҧжаттарды, патронға
салынған шағын жҥктерді тасымалдауға арналған.
Пневмотасымалдағыштың бір тҥріне пневмоконтейнерлі тасмыалдағыш-
тарды жатқызуға болады. Олар контейнердегі ҥйілмелі жҥктерді диаметрі
ҥлкен қҧбыр жолдарымен тасымалдайды.
Ҥйілмелі жҥктерді қалқымалы кҥйде ауа ағынымен тасымалдауға арналған
қондырғыларды соратын (сур.10, а), сығымдайтын (сур.10, б) және аралас
(сур.10, в) деп бӛледі. Сорғыш қондырғы штабельдегі ҥйілген материалды 1
ауамен бірге соратын сопладан 2 және ауа ағынымен араласқан жҥк ӛтетін
қҧбыр жолынан 3 тҧрады. Сорылған материал ауамен бірге бӛлгішке 4 келіп,
мҧнда материал тҥйіршіктері ауа ағынының жылдам-дығының кҥрт
тӛмендеуіне байланысты тӛмен қарай тҥсіріліп, шлюзді бекітпе 7 арқылы
қабылдау пункітіне беріледі. Шаңмен қаныққан ауа бӛлгіштен қҧбыржолы 5
арқылы сҥзгіге 6 беріліп, онда шаңнан тазаланып, эксгаустермен 8 сорылып
34
шығарылады. Сҥзгіде жинақталған шаң шлюзді бекітпе 7 арқылы
шығарылады. Соратын қондырғылар ҥйілмелі жҥкті бірнеше пункттен алып,
ары қарай бір қабылдау пунктіне беру қажет болғанда ӛте ыңғайлы.
10-сурет. Пневмотасымалдағыш қондырғылар.
а - соратын; б - сығымдайтын; в - аралас; г – цементтасығыш пен қабылдағыш шанақ сұлбасы Сығымдағыш қондырғы (сур.10, б) ауа жинағыш және ылғал бӛлгіш
арқылы тасымалдағыш қҧбыржолына 3 сығылған ауаны беріп тҧратын
компрессордан 9 тҧрады. Қҧбыр жолына ҥйілмелі материал қоректендіргіш 10
арқылы беріледі. Ары қарай жҥк материалы сығылған ауа ағынымен
тасымалдағыш қҧбыр жолымен тарала отырып бір немесе бірнеше қабылдау
пункттеріне жеткізіледі. Қҧбыр жолының тарамдалған тармақтарының әрбір
ҧшында тҥсіргіш комплексі бар, ол бӛлгіштен сҥзгіден және шлюзді
бекітпедан 7 тҧрады. Сығымдағыш қондырғылар жоғары (0,3...0,4 МПа),
орташа 0,3...0,3 МПа) және тӛмен (0,15...0,2 МПа) қысымды болып келеді.
Аралас типті қондырғы (сур.10, в) соратын 12 және сығымдайтын 16
қҧбыр жолдарынан тҧрады. Ҥйілмелі жҥк сопломен 11 сорылып, қҧбыржолы
12 арқылы бӛлгішке 12 келіп тҥседі. Бӛлгіш сонымен қатар сығымдағыш 16
қҧбыржолына қоректендіргіш болып табылады. Бӛлгіштен 13 шыққан ауа сҥзгі
14 арқылы компрессоромен 15 сығымдағыш қҧбыржолына 16 беріледі.
Ҥйілмелі материал ауа ағынынан бӛлгішке 17 келгенде тҥсіп қалады да
шлюзді бекітпе 18 арқылы қабылдау пункітіне жіберіледі.
Пневматикалық тасымалдау қондырғыларының артықшылығына қҧбыр-
жолдарының ықшамдылығын, жақсы тығыздалуын, жҥк тасымалдау процесін
толық автоматтандыруға мҥмкіншіліктің болуын, сенімділігінің жоғарылығын,
пайдалануға жеңілдігін жатқызуға болады. Олардың кемшіліктеріне энергия
шығынының кӛптігін (мысалға, таспалы конвейермен салыстырғанда 10....15
35
есе кӛп), абразивті материалдарды тасымалдау кезінде жабдықтардың тез
тозып кетуін, кейбір жабысқақ және ылғалды материалдарды тасымалдауға
жарамсыздығын жатқызуға болады. Пневмотасымалдағыш қондырғылардың
негізгі элементтеріне тиеу қҧрылғысы (қоректендіргіш, соплолар), бекітпе,
сҥзгілер, тҥсіргіш қҧрылғы (циклон, ауабӛлгіш), қҧбыржолдары, ресивер,
майбӛлгіштер жатады.