№7 ДӘріс гепатобилиарлы жүйе аурулары кезіндегі негізгі синдромдардың диагностикасы



бет1/11
Дата25.09.2023
өлшемі5,72 Mb.
#182326
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
7 лек иАП

№7 ДӘРІС

Гепатобилиарлы жүйе аурулары кезіндегі негізгі синдромдардың диагностикасы


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ ІШКІ АУРУЛАР ПРОПЕДЕВТИКАСЫ КАФЕДРАСЫ
Садыкова Гульжан Сапаровна,
кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а.
Шымкент, 2020

Жоспары

Мақсаты:

  • Студенттерге сұрақ қоюға, шағымдарды көрсетуге клиникалық зерттеу әдістерін зертханалық әдістермен үлестіруге негізделеген клиникалық бағалауды жүргізуе, гепатобилиарлық жүйенің патологиясындағы клиникалық синдромдарды анықтауға үйрету.

Бауыр ұлпалары зақымданғандағы негізгі клиникалық синдромдар

  • Ауыру синдромы
  • Паренхималық сарғаю синдромы
  • Диспепсиялық синдром
  • Портальды гипертензия
  • Гепатолиенальды синдром
  • Гиперспленизм синдромы
  • Геморрагиялық синдром
  • Цитолиз синдромы
  • Бауыр шамасыздығы синдромы

Бауыр ауруларының негізгі синдромдары

Сарғаю синдромы - бауыр және өт жолдарының көптеген ауруларында байқалады.

Сарғаю - қанда биллирубиннің деңгейі артуымен сипатталатын клиникалык - биохимиялық синдром.

Өт пигменті болғандықтан, ол теріге сарғыш түс береді және шырышты қабықтарға, склераға таралады.

Зәрдің түсі қоңыр-сары немесе қоңыр (сыра түсті) болады, ал нәжістің түсі ақшыл, кейде тіпті түссіз болуы мүмкін.

Сарғаю билирубин алмасуы бұзылғанда негізгі үш себептің нәтижесінде дамиды:

  • Билирубиннің көп түзілуінен (гемолиздік сарғаю, эритроциттердің көп мөлшерде бұзылып ыдырауынан);
  • Бауыр клеткалары бос билирубинді ұстап және оның глюкурон қышқылымен байланысуы бұзылуынан (паренхиматозды сарғаю);
  • Билирубиннің өтпен бірге ішекке түсуі және байланысқан билирубиннің қайта қанға сіңуі бұзылуынан (механикалық сарғаю).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет