Көк бауыр қызметтерінің жоғарылауы - Анемия (тері бозаруы, әлсіздік, бас айналу, жүрек қағу, ентігу)
- Лейкопения (инфекциялық ауруларға төзімсіздік)
- Тромбоцитопения (қансырағыштық)
Геморрагиялық синдром Клиникалық көріністері: - Тері астына, кілегей қабаттар астына қан құйылу (петехиялар, экхимоз, гематомалар)
- Мұрыннан, тістің қызыл иегінен қан кету
- Жатырдан, зәр жолдарынан қан кету
- Өңеш, асқазаннан қан кету
- Тік ішектен қан кету
Геморрагиялық синдром Бауыр циррозы, созылмалы агрессивті гепатит ауруларына тән Себептері: - Бауырдың қан ұйытқыш факторларды (фибриноген, протромбин) өндіріп шығару қызметінің нашарлауы
- Тромбоцитопения (гиперспленизм көрінісі)
- Өңеш, асқазан веналарының варикозды кеңеюі
- Витаминдер сіңірілуі нашарлап капиллярлар қабырғалары сыңғыш келеді
Цитолиз синдромы - Бауыр ұлпалары ауыр түрде зақымдан-ғанда (вирусты гепатит, созылмалы активті гепатит, бауыр циррозы) пайда болатын қан сары суындағы биохимиялық өзгерістер:
- Аминотрансферазалар белсеңділігі жоғарылауы: АСТ, АЛТ, ЛДГ, ГГТФ (гаммаглутаминтрансфераза)
Бауыр клеткалық жетіспеушілік синдромы бұл синдромның даму механизмінде бауыр-клеткалық жетіспеушілік және портальды гипертензия жатады. Бауыр клеткалық жетіспеушілік жедел және созылмалы түрде дамиды. Жедел жетіспеушілігі жедел вирустық, дәрмектік, алкогольдік зақымданулардан, өндірістік улармен, саңырауқұлақпен уланудан, эндогенді токсиндермен уланудан бауыр клеткаларының басым өлуіне байланысты дамиды. Созылмалы жетіспеушілігі бауыр циррозының кеш сатыларында, созылмалы гепатитте, қақпақты жүйені шунттау операцияларынан кейін дамиды. Бауыр шамасыздығы - Клиникалық көріністері:
- Нервтік-психикалық бұзылыстар
- Паренхималық сарғаю
- Геморрагиялық синдром
- Ісіну, асцит
- Портальды гипертензия
Достарыңызбен бөлісу: |