Механикалық сарғаюда билирубин метоболизмінің бұзылысы
Шағымдары: терінің қышуы. Басқа шағымдар механикалық сарғаюдың негізгі себебіне байланысты болады. - Шағымдары: терінің қышуы. Басқа шағымдар механикалық сарғаюдың негізгі себебіне байланысты болады.
Қарау: - Терінің түсі жасыл-сары не қара қоңыр реңді болады (өттің билиарлы жүйеде іркілуі сосын оның биливердинге айналуына байланысты).
- Теріде қасыған іздер болады. Геморрагиялық дақтар болуы мүмкін. Ксантомалар байқалады.
- Гепатомегалия - өт іркілуіне байланысты. Брадикардия (холямия) әсерінен.
- Қанда: Байланысқан билирубин көбейеді. Холестерин, сілтілі фосфатаза, өт қышқылдары ↑.
- Зәр: түсі сыра тәріздес ашық–сары, көпіршікті. Өт өзегі толық бікетілсе, зәрде уробилин болмайды.
- Нәжіс: ағарған - стеркобилин жоқ, стеаторея анықталады.
Механикалық сарғаю
Терінің түсі жасыл сары
Қанда байланысқан билирубин мөлшері өте жоғары (10-20 есе) болады. - Қанда байланысқан билирубин мөлшері өте жоғары (10-20 есе) болады.
- Ұзақ сарғаю болғанда бауыр қызметі бұзылуынан бос билирубин мөлшері де біршама артады.
- Байланысқан билирубин зәрде пайда болады (өт пигметтері), зәрдің түсі қоңыр түсті және ашық-сары көбікті болады.
- Нәжістің түсі ақ болады, кейде оқтын-оқтын ағарып тұрады (жиі таспен жартылай бітелгенде), кейде ұзақ уақыт бойы ақ түсті (ісікпен бітелгенде) болады.
Өт жолдары толық бітелгенде нәжіс (ахолиялық) болады, саз түстес, ақ-сұр түсті болады, стеркобилин нәжісте болмайды. - Өт жолдары толық бітелгенде нәжіс (ахолиялық) болады, саз түстес, ақ-сұр түсті болады, стеркобилин нәжісте болмайды.
- Қанға билирубин ғана емес, өт қышқылы да сіңеді (холемия), соның нәтижесінде интоксикация дамиды, жүрек-тамыр және нерв жүйесі жағынан ауытқу белгілері пайда болады.
- Тері қышуы өте күшті және түнде күшейеді, брадикардия болады (өт қышқылдары кезбе нервтің тонусын рефлекторлы түрде күшейтеді).
- Нерв жүйесі жағынан: тез шаршағыштық жалпы әлсіздік, адинамия, тітіркенгіштік, бас ауруы және ұйқысыздық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |