№7 жалпы білім беретін шағын орталығы бар лицей орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі



Дата13.08.2017
өлшемі16,16 Kb.
#23494
түріСабақ
  • Нәтижесі
  • Оқушы бар зейінмен тыңдайды, жазады, көрсетеді. Өзін- өзі бағалайды, жеке топтың, бірлескен ұжымымен жұмыс жасауға құлшынады, ізденушілікке, ұжымдарды, заңдылықтарды қорытуға дәлелдеуге үйренеді., белсенділігін арттырады, сапалы білімге ұмтылады, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас жақсара түседі.
  • “Нені дамыту керек” деген сұраққа жауап іздей отырып, баланың сезім түйсігін қабылдауы мен ынтасын , зейінін, есте сақтауын ұғыну, ойлау, қиялдау болжау қабілеттерін ашу. Жауапкершілік жүктей отырып, өзін – өзі дамытатын жеке тұлға қалыптастыру.
  • Мақсаты
  • Сыныбы: 5
  • Пәні:
  • Қазақ тілі
  • Тақырыбы:
  • Тұрақты тіркестер
  • Сабақтың мақсаты:
  • А) Білімділік: Фразеологизмдер туралы алған білімдерін тереңдету.
  • Ә) Тәрбиелік: сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке тәрбиелеу
  • Б) Дамытушылық: өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасауға үйрету, оқушылардың дағды, таным
  • белсенділігін арттыру.
  • Сабақ түрі: танымдық және жарыс сабақ
  • Сабақ әдісі: сұрақ – жауап (түсіндіру, жарыс, әр түрлі ойын түрлері, суретпен жұмыс, мәтін құрастыру)
  • Сабақтың көрнекілігі:
  • Тұрақты тіркестерге арналған сызбалар, тақырыпты ашуға арнап салынған суреттер.
  • (жыл мезгілдерінің, төрт түлік малдың, адамның бейнесі)
  • Пәнаралық байланыс:
  • қазақ әдебиеті
  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Қайырлы күн достым,
  • Қайырлы күн болсын!
  • Біздің алар бағамыз,
  • Кілең бестік болсын!
  • \
  • Өз біліміңді тексер
  • Лексика нені зерттейді?
  • Мағына дегеніміз не?
  • Көп мағыналы сөздер дегеніміз не? Мысал келтір?
  • Омоним дегеніміз не? Мысал келтір?
  • Синоним дегеніміз не? Мысал келтір?
  • Антоним дегеніміз не? Мысал келтір?
  • Табу сөздер дегеніміз не?
  • Эвфемизм дегеніміз не?
  • Дисфемизм дегеніміз не?
  • Тұрақты тіркестер дегеніміз не?
  • 1 – ТОП
  • Ұялу – Кірерге тесік таппау, жер болу т.б.
  • Бақытты
  • Әдемі
  • Алыс
  • 3 – ТОП
  • Батыр
  • Тез
  • Көз ілмеді
  • 2 – ТОП
  • Анық
  • Қорқу
  • Қатты шаршау
  • Мына тұрақты тіркестердің синонимдерін жаз:
  • 1 – ТОП
  • Бақытты - маңдайы ашылған, қыдыр дарыған, бақ қонған.
  • Әдемі - Үріп ауызға салғандай, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, жүзіктің көзінен өткендей.
  • Алыс - Ит арқасы қиянда, ит өлген жер.
  • 3 – ТОП
  • Батыр - Жүрек жұтқан, жүрегінің түгі бар.
  • Тез – Қас пен көздің арасында, кірпік қаққанша.
  • Көз ілмеді - Түн ұйқысын төрт бөлді. Кірпігі айқаспады, көрер таңды көзімен атырды.
  • 2 – ТОП
  • Анық - Тайға таңба басқандай, соқырға таяқ ұстатқандай.
  • Қорқу - Зәре-құты қалмау, көзі шарасынан шығу, көзі алақандай болу
  • Қатты шаршау - Мұрнынан шаншылып жүру, сүрініп жығылу.
  • Жүрек жұтқан –
  • 1-топ Ит терісін басын қаптады –
  • Жүрегі қарс айырылды –
  • Бетінен оты шығу – 2-топ Ат ізін салмау –
  • Ит өлген жер –
  • Көңілі тасу –
  • 3-топ Құлақ аспау –
  • Жұлдызы оңынан туу –
  • Мына тұрақты тіркестердің антонимдерін жаз:
  • Жүрек жұтқан – Су жүрек
  • Ит терісін басына қаптады – Жұмған аузын ашпады
  • Жүрегі қарс айырылды – Бақ қонған
  • Бетінен оты шығу – Беті шімірікпеу Ат ізін салмау – Ат ізін құрғатпау
  • Ит өлген жер – Таяқ тастам жер
  • Көңілі тасу – Көңілі басылу
  • Құлақ аспау – Құлақ қою
  • Жұлдызы оңынан туу – Тауы шағылу

СЕРГІТУ СӘТІ

  • Оң қолымда бес саусақ,
  • Сол қолымда бес саусақ.
  • Қосып едім екеуін,
  • Болып шықты он саусақ.

Төрт түлік малға байланысты айтылатын тұрақты сөз тіркестерін тап?

Төрт түлік малға байланысты айтылатын тұрақты сөз тіркестер

Жыл мезгілдеріне байланысты тұрақты сөз тіркестерін тап?

  • Күз
  • Қыс
  • Жаз

Мына кестені толтыр?

  • Мысалдар
  • Эвфемизм
  • Дисфемизм
  • Тұрақты тіркес
  • 1.Жүрек жұтқан
  • 2.Өсекші
  • 3.Ит өлген жер
  • 4.Соқыр
  • 7.Бармағын тістеу
  • 8.Аузы жеңіл
  • 9.Топас
  • 10.Құлаққа ұрған танадай
  • 11.Сөзуар
  • 12.Саңырау
  • 13.Кірерге тесік таппау
  • 14.Мұрнын көкке көтеру
  • 15.Қолы ашық
  • Мысалдар
  • Эвфемизм
  • Дисфемизм
  • Тұрақты тіркес
  • 1.Жүрек жұтқан
  • +
  • 2.Өсекші
  • +
  • 3.Ит өлген жер
  • +
  • 4.Соқыр
  • +
  • 5.Аяғының сылтымасы бар
  • +
  • 6.Жерге кіре жаздады
  • +
  • 7.Бармағын тістеу
  • +
  • 8.Аузы жеңіл
  • +
  • 9.Топас
  • +
  • 10.Құлаққа ұрған танадай
  • +
  • 11.Сөзуар
  • +
  • 12.Саңырау
  • +
  • 13.Кірерге тесік таппау
  • +
  • 14.Мұрнын көкке көтеру
  • +
  • 15.Қолы ашық
  • +

Венн диаграммасын құрғызу. Тұрақты тіркестер мен еркін тіркестердің айырмашылығы, ортақ белгілері табылады.

  • Еркін тіркес
  • Ортақ белгілері
  • Тұрақты
  • тіркес
  • Қош ,сау болыңыздар!
  • Рахмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет