7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі. 1-Жүргізуші



Дата15.01.2023
өлшемі23,8 Kb.
#165583
Байланысты:
7 мамыр


7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі.


1-Жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар,! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.
Жүрекке адалдықтың ескен гүлін 
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін. 

1-жүргізуші: Құрметті азаматтар Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды.Қайратты, мақсатты болыңыздар.


1-жүр:Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Мектеп – кеме,білімнің ескегін,
Әнге толсын, күйге толсын кештерің,
Шын жүректен бақыт тілеп сарқылмас,


Айтөре:
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан – ана,
Отан үлкен
Қазақстан – туған ел!

 Адина:
Болашаққа бастаған,
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның –
Мақтанышым Астанам.

Абдунұр:
Көк байрағы бабамның –
Бүгінгі ұрпақ алауы.
Тірегі әке, баланың –
Қазақстан жалауы.

Асылым:
 Гүлзар баққа оранған,
Күннен киген бөрікті.
Аққудайын таранған,
Алматы әсем көрікті.

Айша:
 Қазақстан – елім,
Ұлан - байтақ жерім.
Тәрбиелеп өсірер
Өр тұлғалы ерін.


Аршат:
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң, Ұлы Отан.
Елім менің – тірегім,
Құшағында гүл атам.


Азима:
Шығысыңнан арайлы,
Күліп атқан құба таң.
Сенен бақыт тарайды
Баршамызға Ұлы Отан.


Ілияс:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!

1-жүр:Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-
1-жүр: Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке


1-жүр:Ел - халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын.
Себездеп алтын ара жан-жағыңнан,
Ту тіккен алаулаған арманыңнан.
Кеудеңде махаббаттың шоғы маздап,
Биіктен биіктерге самға, қыран.-. 


Жантөре:
Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.


Темірлан:
Отан - тарих,
Отан - тіл,
Жасаған елің, ер халқың.
Отан - өлең, Отан - жыр,


Ақмарал:
Отан үшін жанымызды береміз,
Отан үшін барлығына көнеміз.
Отанның да,ананың да алдында,
Осы өмірде парызды өтеп кетеміз. 


Жанбота:
Туған жерде толамыз,
Ертең жігіт боламыз.
Отан - ортақ үйіміз,
Көңілді ән мен күйіміз.


Әлия:
Қазағым менің ұлы елім,
ғаламның ашқан түнегін.
Кең байтақ алтын өрісім,
Өзіңдей асқақ жүрегім!


Азеля:
Жас ұландар, жас қырандар,
Еркін елдің түлегіміз.
Көркейе бер, гүл еліміз,
Сен деп соққан жалындап тұр жүрегіміз.


Мәди:
Сен маған жұмақ бағысың,
Бар әлем сені танысын!
Ант берем мәңгі қорғауға,
Алаштың арын, намысын!

1-жүр:  Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,
Төгілген күн нұрының шапағаты.
Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты
1-жүр:Құрметті халайық, баршаңызды келе жатқан 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Бүгінгі мамыражай тыныш өмір аталарымыз қалыптастырған берік бірлік нәтижесінде келді. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.

1-жүр:Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын,!
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!

Келісемін: Бекітемін:
ТІЖ орынбасары «Бұрма тірек мектебі
Майканов А.Н___________ (ресурстық орталық)»КММ
«_____»________2022жыл директоры
Оразбек Б.С______________
«____» _________2022жыл
7 мамыр - Отан қорғаушылар мерекесі.
Орындаған: Амантай Н.А.
Жауаптылар: Жумабекова А.
Аманбекова А.
2022 – оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет