7 мейірбике ісі және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясы «медбикелік ісі негіздері» ПӘнінен тәжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу



бет11/19
Дата11.10.2024
өлшемі4,06 Mb.
#206222
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
вена катетер

4. Тәжірибелік дағдыларды орындау техникасын түсіндіру және демонстрациялау

(30-35 мин.)


Сабақта меңгеретін дағдылар.

  1. Перифериялық көктамыр катетерін қою.

  2. Перифериялық көктамыр катетері арқылы дәрі жіберу (құю немесе тамшылатып жіберу)

  3. Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау.

  4. Перифериялық көктамыр катетерін алып тастау.

Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы


Дайындаңыз: көктамыр катетеризациясына арналған стандартты жинақты. Онық құрамына кіреді: стерильді астауша, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, 10 мл гепаринді ерітіндісі (1:100) бар шприц, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, тері антисептигі, бір неше өлшемдегі перифериялық көктамыр катетерлерін, біріктіретін түтік немесе обтуратор, бұрау, стерильді қолғаптар, қайшы, бинт, 3% сутегінің асқын тотығы.
Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып ережеге сай антисептикпен өңдеңіз.

  2. Күре тамыр катетеризациясы үшін стандартты жинақты жинаңыз, катетер қорабының бүтіндігіне, жарамдылық мерзіміне назар аударыңыз.

  3. Жақсы жарықтануды қамтамасыз етіңіз, науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз.

  4. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, сенімді қарым -қатынас орнатыңыз. Көктамыр өлшемін, дәріні енгізу жылдамдығын, көктамырішілік терапия жүргізу кестесін, дәрінің қоюлығын есепке алған жағдайда катетер өлшемін таңдап алыңыз.

  5. Қолжетімді жерге утилизацияға арналған контейнерді қойыңыз.

  6. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз, антисептикпен өңдеңіз.Қолғапты киіңіз.

  7. Катетеризация орындау орнынан 5-10-15 см жоғары бұрауды байлаңыз.

  8. Науқасқа жұдырығын ашып – жұмуды сұраңыз, пальпация арқылы көктамырды таңдап алыңыз.

  9. Катетеризация орнын тері антисептигімен 30-60 сек аралығында өңдеңіз, өңделген аймақтарға жанасуға болмайды. Өңделген соң көктамырды қайта сипап көрмеңіз.

  10. Сол қолдың саусақтарымен катетеризация жасайтын көктамырды тесу орнынан төмен бекітіңіз.

  11. Қажет диаметрдегі катетерді алыңыз, көлденең немесе тігінен ұстаңыз, қорғаныс қақпағын шешіңіз. Егер қорғаныс қақпағында қосымша бітеуіш орналасса, қорғаныс қақпағын тастамай бос қолыңыздың саусақтары арасында ұстаңыз.

  12. Катетер инесінің қиылысы жоғары қарап тұрғанына көз жеткізіңіз. Катетер инесін 15°С бұрышта теріге енгізіңіз, катетерді ине өткізгішпен көктамырға 2-3 мм-ге енгізіңіз, индикаторда қан пайда болуын қадағалаңыз.

  13. Индикатор камерасында қан пайда болған жағдайда инені енгізуді тоқтатыңыз.

  14. Ине-өткізгішті бекітіңіз, ал катетер канюлясын толық енгізіңіз, канюляны ине өткізгіштен жаймен алыңыз.

  15. Бұрауды шешіңіз. Катетер инеден күре тамырға өткен соң оған инені енгізбеңіз!

  16. Қан кетуді тоқтату үшін катетерден жоғары қантамырды басыңыз және катетерден инені толығымен шығарып алыңыз. Инені қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

  17. Бітеуішті қорғаныс қақпағынан алыңыз және гепаринді бітеуішті порт арқылы жіберіп катетерді жабыңыз немесе инфузиялық жүйені қосыңыз.

  18. Катетерді қолға таңғыш көмегімен бекітіңіз.

  19. Емдік мекеме талаптарына сай көктамыр катетеризациясы емшарасын тіркеңіз.

  20. Техника қауіпсіздігі және санитарлы эпидемиологиялық тәртіп ережелеріне сай қалдықтарды жойыңыз.


Слайд № 17


Слайд 18




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет