ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ
№7 МЕЙІРБИКЕ ІСІ ЖӘНЕ ТУЫСТАС ПӘНДЕР ЦИКЛДІК ӘДІСТЕМЕЛІК КОМИССИЯСЫ
«МЕДБИКЕЛІК ІСІ НЕГІЗДЕРІ» ПӘНІНЕН ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА
АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Бөлім 2
Дәрілік терапия тәсілдері және әдістері
Тақырып 2.10
Венозды катетерлермен жұмыс істеу ережелері.
Мамандығы : 0302000 - «Медбикелік іс»
Біліктілігі: 0302033 – «Жалпы практикадағы медбике»
Курс: 3
Семестр: V
Түркістан
Нұсқа -9
Әзірлеген «Медбикелік ісі негіздері» пәнінің оқытушысы: Ходжаева Насиба
Ташбулатқызы
№ 7 Мейірбике ісі және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясының мәжілісінде талқыланып бекітуге ұсынылған.
Хаттама №_____ ______________ 2017 жыл
ЦӘК төрайымы ____________ Бабаханова Г. А.
Сабақтың тақырыбы : Венозды катетерлермен жұмыс істеу ережелері.
Сабақтың түрі: тәжірибелік сабақ
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар : Ұжымдық, кластери, интерактивті симуляциялық технологиялар.
Белгіленген технологияларды іске асыру әдістері :
фронтальді сұрау;
кәсіптік бағдар беру;
түсіндіру-көрнекілікті;
стандарттар бойынша тапсырмаларды орындау;
тест сұрақтарына жауап беру;
кластер құрастыру;
бағалау және бақылау;
Сабақтың мақсаты :
Білімділік : Студенттерге көктамыр катетерлері туралы, оларды қою көрсеткіштері; өзін және пациентті перифериялық катетерлерін қоюға дайындау ережелері туралы түсінік беру. Перифериялық катетерді қою техникасын, көктамыр катетерлері арқылы дәрілік заттарды еңгізу және қан алу техникасын үйрету. Көктамыр катетерлеріне күтім жасауды игеру.
Дамытушылық:
студенттерде манипуляцияларды ұқыптылықпен, жауапкершілікпен, дәлділікпен орындауды қалыптастыру;
пәнішілік, пәнаралық байланыс жасай алу қабілетін дамыту; Тәрбиелік:
стандарттар, алгоритмдермен жұмыс істей алу, науқастың өміріне жауапкершілікті түсіну, өз тәртібін талдай алу сияқты маңызды тұлғалық-кәсіптік қасиеттерді дамыту;
өз кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын түсіну, мамандығына тұрақты қызығушылық таныту;
кәсіптік міндеттерді тиімді орындауға қажетті болған ақпарат іздеуді жүзеге асыру; командада жұмыс істеу, әріптестерімен, басшылықпен тиімді қарым-қатынас жасауды тәрбиелеу;
Достарыңызбен бөлісу: |