Қамтылатын пәндер:
Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы медбикелік күтім - Лабораториялық зерттеу әдістері. Қанды лабораториялық зерттеу әдістері.
Педиатриядағы медбикелік күтім- Науқастарды лабораториялық зерттеу әдістері. Қанды зерттеу.
Хирургиядағы медбикелік күтім- Науқастарды зерттеу әдістері. Тромбофлебиттер. Көктамыр тромбозы.
Тері –мерез ауруларындағы медбикелік күтім- Қанды лабораториялық зерттеу әдістері.
Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы медбикелік күтім. –Жұқпалы ауруларды диагностикалау әдістері. Қанды зертханалық зерттеу.
Неврологиядағы медбикелік күтім - Науқасты зертеу әдістері. Лабораториялық зертеулер.
Акушерия және гинекологиядағы медбикелік күтім Гинекологиялық науқастарды лабораториялық зертеу. Қанды зерттеу.
Медициналық психология - Психогигиена, психопрофилактика, психотерапия. Соматогения, психогения, ятрогения туралы түсінік.
Уақыты : 180 мин.
Сабақтың жабдықталуы : плакаттар: Перифериялық көктамыр катетері.
Перифериялық көктамыр катетерін енгізу іс әрекеттері.
Көрнекіліктер:
Фантомдар :
науқастарға күтім жасау дағдыларын бекітуге арналған манекендер;
қол фантомы (көктамырға пункция жасауға арналған);
Сабақты жүргізуге қажет заттар: стерильды қолғаптар- 9 д; инъекцияға арналған шприцтер сыйымдылығы- 10мл -10; астауша бүйрек тәрізді- 18; стерилді таңу материалдары (уп)- 9; спирт; пинцет-9; қауіпсіз жоюға арналған контейнерлер; перифериялық көктамыр катетері- 10д; жастықшы (валик); бұрау; пробиркалар, пробиркаларға арналған штатив, зертханалық материалды тасымалдауға арналған контейнер.
Үлестірме материалдар : Тесттер, тапсырмалар.
Техникалық оқу құралдары :
Мультимедиалық кешендер : (Интерактивті тақта, телевизор, ДVД ).
Достарыңызбен бөлісу: |