3. Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бакылау 25 - 30 мин Ауызша сұрақтар: Шеткі көктамыр катетеризациясы туралы түсінік. Катетерді қою көрсетпелері және кері көрсетпелері.
Перифериялық көктамыр катетері құрылысы, түрлері.
Катетер және көктамырды таңдаудың негізгі принциптері.
Перифериялық көктамыр катетеризациясы үшін қажет болған стандартты жинақ.
Перифериялық көктамыр катетерін қою техникасы.
Катетерге күнделікті күтім жасау.
Инфузиялық терапия тиімділігін бақылау.
Перифериялық көктамыр катетері арқылы қан алу.
Катетер қойғаннан кейін болатын асқынулар.
Шеткі көктамыр катетеризациясы туралы түсінік. Катетерді қою көрсетпелері және кері көрсетпелері.
Шеткі көктамыр катетеризациясы медицинада жиі қолданылатын инвазивты емдеу әдістеріне жатады. Бұл емшара перифериялық венозды катетер көмегімен орындалады. Перифериялық көктамыр катетерін қою кез-келген мерзімді инфузионды терапия жүргізу үшін, дәрілік заттарды күре тамырға енгізуді қайталау үшін жүргізіледі.
Слайд 1
Перифериялық көктамыр катетерін қою көрсетпелері:
Науқас ауыз арқылы сұйықтықтар қабылдай алмаған жағдайда су балансын қолдау және коррекциялау үшін;
Дәрілік ерітінділерді жиі енгізу үшін;
Қан және оның компоненттерін құю үшін;
Парентеральді тамақтандыру; - Ота жасау (наркоз);
Аймақты анестезия.
Катетер қоюға кері көрсетпелер:
Көктамырдың ішкі қабырғасын тітіркендіретін дәрілерді құю;
Көп мөлшерде қан құю;
Перифериялық көктамыр катетері құрылысы, түрлері.
Перифериялық венозды катетер келесі бөліктерден түрады:
катетер (жұмсақ және иілгіш);
ине - өткізгіш (қатты);
бітеуіш (қуыс бекітетін қақпақша);
қорғаныс қақпақшасы;
кейде қосымша құрылғы - кішкене қанаттар.
Слайд 2
катетер (ине сыртында орналасады)
Люэр коннекторы бітеуішпен
Дәрілерді енгізуге арналған порт
Катетерді бекітуге арналған қанатшалар
Слайд 3
Ине көмегімен венесекция жүргізіліп бір уақытта катетер енгізіледі. Инфузионды терапия жүргізілмеген жағдайда бітеуіш көмегімен катетер бекітіледі (контаминацияны болдырмау үшін), қорғаныс қақпақшасы инені қорғайды және манипуляция алдында алынады.
Катетер оңай енуі үшін оның ұшы конус тәрізді.
Кішкене қанаттар көмегімен катетер теріге нық бекітіледі, сонымен қатар бітеуіштің артқы қабырғасымен терінің жанасуын болдырмағандықтан бактериалды ластану қауіпін төмендетеді.