Катетерді алып тастау іс-әрекеті.
Дайындаңыз: көтамырдан катетерді алып тастау үшін стандартты жинақ: стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, тромболитикалық май, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, тері антисептигі, стерильді пробирка, қайшы және астауша (егер катетер тромбталған болса, немесе оның зарарланғанына күдік болған жағдайда).
Іс-әрекет алгоритмі:
Қолды гигиеналық деңгейде жуу, антисептикпен өңдеу.
Инфузияны тоқтату, қорғаныс бинтті таңғышты шешу (егер бар болса).
Қолды антисептикпен өңдеу, құрғату, қолғапты кию.
Шеттен орталыққа қарай қайшыны қолданбай бекітуші таңғышты алып тастау.
Жаймен катетерді күре тамырдан шығарып алу.
Катетеризация орнын стерильді дәке тампонымен 2-3 минут басып тұру.
Катетеризация орнын тері антисептигімен өңдеу.
Катетеризация орнына стерильді басушы таңғыш қойып бинтпен бекіту. Таңғышты 1 тәулік бойы шешуге болмайды.
Катетер канюлясының бүтіндігін тексеру. Тромб түзілуі немесе катетердің микробпен ластануына күдік болған жағдайда канюля ұшын стерильді қайшымен қырқып алып, стерильді пробиркаға салып зерттеуге бактериологиялық лабораторияға жіберу қажет (дәрігердің тағайындауы бойынша).
Катетерді алып тастау күнін, уақытын, себебін құжатқа тіркеу.
Қауіпсіздік техникасы және санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп ережелеріне сай қалдықтарды жою.
6. Тәжірибелік тапсырмаларды орындаудағы студенттердің өзіндік жұмысы (90 мин)
Тапсырма 1. Перифериялық көктамыр катетерін қою іс-әрекетін алгоритм бойынша
орындау- 15-20 мин
Тапсырма 2. Перифериялық көктамыр катетері арқылы дәрі жіберу (құю немесе тамшылатып жіберу) іс-әрекетін алгоритм бойынша орындау- 15-20 мин
Тапсырма 3. Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау іс-әрекетін алгоритм бойынша
орындау.- 15-20 мин
Достарыңызбен бөлісу: |