7 мейірбике ісі және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясы «медбикелік ісі негіздері» ПӘнінен тәжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу


Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау



бет13/19
Дата11.10.2024
өлшемі4,06 Mb.
#206222
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
вена катетер

Перифериялық көктамыр катетеріне күтім жасау
Дайындаңыз: стерильді қолғап, қолданылған заттарды тастауға арналған астауша, тромболитикалық май, стерильді мақта шариктері және салфеткалар, лейкопластырь немесе жабысқақ пластина, 10 мл гепаринді ерітіндісі (1:100) бар шприц, тері антисептигі, перифериялық көктамыр катетеріне арналған стерильді бітеуіштер қорапта. Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Стерильді таңу материалы, стерильді бітеуіш және көлемі 5,0 және 10,0 мл болған 2 шприці бар стерильді астаушаны дайындаңыз.

    2. Шприцке 5 мл физиологиялық ерітіндіні сорып алыңыз.

    3. 2-ші шприцке 10 мл гепаринді ерітіндіні сорып алыңыз.

    4. Науқасты тынышталдырыңыз, қолын жайғастырып, манипуляция барысын түсіндіріңіз.

    5. Стерильді қолғапты киіңіз.

    6. Біріктіруші түтіктің астына екі стерильді салфетканы қойып инфузияны тоқтатыңыз.

    7. Перифериялық көктамыр катетерінің біріктіруші түтігінен дәрілерді тамшылатып жіберуге арналған жүйені ажыратыңыз.

    8. 5мл физиологиялық ерітіндісі бар шприцті жалғастырып, ерітіндіні катетерге жіберіңіз (тромбоздың алдын алу үшін).

    9. Шприцті біріктіруші түтіктен ажыратып алыңыз.

    10. Катетердің біріктіруші түтігіне 2-ші шприцті жалғастырып 10мл гепаринді ерітіндіні катетерге жіберіңіз.

    11. Шприцті катетердің біріктіруші түтігінен ажыратып алыңыз.

    12. Катетерді стерильді бітеуішпен бекітіңіз, қолданылған салфеткаларды және шприцтерді контейнерге тастаңыз.

    13. Бекітілген таңғыш жағдайын бақылау, қажет жағдайда ауыстыру.

    14. Болуы мүмкін асқынуларды ерте анықтау мақсатында пункция орнын жиі қарау.

    15. Ісіну, қызару, жергілікті қызба препараттарды енгізу кезінде ауырсыну болған жағдайда дәрігерге хабарлау.

Ескерту: лейкопластырлы таңғышты ауыстырған кезде қайшыны қолдануға тиым салынады. Өйткені қайшымен катетерді қиып жіберген жағдайда катетер қан айналым жүйесіне кетіп қалуы мүмкін. Тромбофлебиттің алдын алу үшін пункция орнынан жоғары көктамырға гепаринді немесе троксевазинді май жағылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет