7 мейірбике ісі және туыстас пәндер циклдік әдістемелік комиссиясы «медбикелік ісі негіздері» ПӘнінен тәжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік өҢдеу



бет9/19
Дата11.10.2024
өлшемі4,06 Mb.
#206222
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
вена катетер

6. Катетерге күнделікті күтім жасау


  1. Катетерге әр кез қосу – бұл инъекция ену жолы. Жүйені жиі қолмен ұстауға болмайды, қатаң асептиканы сақтап, тек қана стерильді қолғапта жұмыс істеу қажет.

  2. Стерильді бітеуіштерді жиі ауыстырып отыру қажет. Ішкі беті микробтармен ластанған бітеуіштерді қолдануға болмайды.

  3. Антибиотиктерді, глюкоза ерітінділерін, қан препараттарын енгізгеннен соң катетерді аз мөлшердегі физиологиялық ерітіндімен жуу керек.

  4. Катетерді бекіткен таңғышты жиі байқап, қажет жағдайда ауыстырып отыру керек.

  5. Асқынуларды ерте анықтау мақсатымен пункция орнын үнемі қарау керек. Ісіну, қызару, жергілікті қызба, катетер өткізгіштігінің бұзылуы, катетерден сұйықтық ағу және дәрілерді енгізу кезінде ауырсыну сезімі болған жағдайда дәрігерге хабарлау және катетерді алып тастау қажет.

  6. Тромбофлебиттің алдын алу үшін пункция орнынан жоғары тромболитикалық майларды (мысалы: «гепаринді», «троксевазин») жұқа етіп жағу керек.

  7. Әр бір инфузиядан соң катетерді порт арқылы гепаринді ерітіндімен (5 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі +2500Б гепарин) жуу қажет.

Ол келесі әдіспен жүзеге асырылады:

    1. науқас тыныс шығарып тынысын тоқтатып тұруы қажет.

    2. катетерді резеңке бітеуішпен жауып, науқасқа тыныс алуға рұқсат беріңіз.

    3. бітеуішті спиртпен өңдеп, тері ішілік инемен 5 мл гепаринді ерітінді енгізу.

    4. бітеуішті катетерде лейкопластырьмен бекіту.

Бұл әдіс катетерде тромб түзілу қауіпін төмендетеді. Осы ерітіндімен катетерді катетерден қан көрінген жағдайда да шаю керек.
Катетер айналасындағы теріні күнде қарап 70% спирт және 2% йод ерітіндісі немесе 1% бриллиант көгі ерітіндісімен өңдеу қажет. Таңғыш күнде және ластануына қарай ауыстырылады.
Қазіргі уақытта арнайы мөлдір таңғыштар (пластырь) қолданылады. Олар катетер айналасын тығыз жауып сыртқы ластанудан, инфекциядан қорғауды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар терілік тынысты сақтайды, мөлдір таңғыш арқылы теріні бақылау асқынуларды ерте анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет