Сабақтың барысы :
Ұйымдастыру кезеңі -2-3 мин.
Студенттердің киімдерінің сырт көрінісіне, сабаққа қатысуына, бөлменің тазалығына көңіл бөлу. Журналды толтыру.
Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау -2-3 мин.
Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:
Перифериялық көктамыр катетеризациясы – бұл ұзақ мерзімді көктамырға дәрілерді құю үшін көктамыр катетерін қою. Әлемде 1 жыл ішінде 500 миллионнан астам перифериялық көктамыр катетері орнатылады. Өндірісте сапалы катетерлердің көбеюі нәтижесінде перифериялық көктамыр катетризациясын жүргізу әдісі жиі қолданып келе жатыр.
Бұл әдістің тиімді екенін медицина қызметкерлерімен қоса пациенттер де мойындап отыр. Катетеризация пациентті мобильді етеді, қимыл-әрекет кезінде көктамыр зақымдануларының алдын алуға мүмкіндік береді.
Көктамыр катетеризациясы жиілігінің өсуімен қатар қан ағымында катетерассоциацияланған инфекциялар сияқты асқынулар жиілігі де өсті. Олар нозокомиальді инфекция ішінде үшінші орынды және бактериемия себептері ішінде бірінші орынды алады.
Бұл әдісті жағдайдан жағдайға ғана емес, үнемі қолдану қажет. Сонымен қатар катетерді мінсіз күтіммен қамтамасыз ету қажет. Мейірбике парентералды егу әдістері бойынша жақсы теориялық білімді және тәжірибелік дағдыларды игеруі, дәрілердің әсер ету механизмін жақсы түсінуі, олардың дозасын, енгізу жолдарын, енгізу жылдамдығын, инъекциялардан кейін болуы мүмкін болған кері әсерлер және асқынуларды білуі қажет. Асептика ережелерін қатаң сақтау, санитарлы- эпидемиологиялық қызмет нұсқауларын және бұйрықтарын білу және орындау мейірбикенің кәсіптік біліктілігінің негізгі критерийлері болып саналады.
Катетеризацияны қауіпсіз орындау мейірбикелердің негізгі қызметтерінің бірі болып тек қана анатомия, физиология, фармакология білімін қажет етіп қана қоймай, психология, қарым-қатынас дағдыларын білуді қажет етеді. Сонымен қатар мейірбике мейірбикелік үрдіске, мейірбикенің науқаспен қарым-қатынас шеберлігіне, қажет жағдайда белгілі бір манипуляцияларды жұргізу қажеттілігіне науқасты сендіру әдістерін жақсы игеруге көп көңіл бөлу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |