7 сынып «Қазақ тілі» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым. Морфология



бет2/2
Дата29.01.2022
өлшемі20,7 Kb.
#115875
1   2
Байланысты:
7 с. тжб қаз (1)
4-сынып дүниетану 2- тоқсан, Ответ Минздрава по оплате медсестер
Жазылым

Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, шағын мақала жазыңыз.

[8]


  1. Жеңіс үшін жанын пида еткен ерлер мәңгі жадымызда. Ұлы Отан соғысының немесе тыл ардагерлерінің еңбегін баяндай отырып, жергілікті газеттің «Тұлғалар» айдарына мақала-портрет жазыңыз.




  1. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін белгі болып қалмақ. Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Бұл айрықша мерекенің біздің елімізде тойлану деңгейі қандай? Осы мәселені көтеріп газетке ақпараттық мақала жазыңыз.

Оқылым


Балл

Сипаттамасы

6-7

Мәтінде көтерілген мәселені, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте жақсы түсініп талдайды.

5-6

Мәтінде көтерілген мәселені, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін жақсы түсініп талдайды.

4-5

Мәтінде көтерілген мәселені, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін қанағаттанарлық деңгейде түсініп талдайды.

3-4

Мәтінде көтерілген мәселені, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін шектеулі түсінеді, талдауға талпыныс жасайды.

1-2

Мәтінде көтерілген мәселені, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін өте шектеулі деңгейде түсінеді.

0

Мәтінде көтерілген мәселені, стилі мен тілінің сипаттық ерекшеліктерін түсінбейді.

Жазылым

Балл

Сипаттамасы

7-8

Тақырыптың мазмұнын толық ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын барынша (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес орынды қолданады. Ойын еркін, логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры мол. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту), жазылу сипатына қарай бірізділікті бастан-аяқ сақтайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан өте сауатты. Қателері жоқ.



6-7

Тақырыптың мазмұнын ашады. Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) жанрға сәйкес қолданауға тырысатыны байқалады. Ойын логикалық тұрғыдан жүйелі жеткізеді. Сөздік қоры жеткілікті. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту), жазылу сипатына қарай бірізділікті сақтайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан сауатты, бірақ 1-2 ұсақ қате кездеседі.



5-6

Тақырыптың мазмұнын ашуы жеткіліксіз. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек болғанымен, орынды қолданады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі аракідік байланыспайды. Сөздік қоры қанағаттанарлық деңгейде. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту) сақтайды, бірақ жазылу сипатында бірізділіктен ауытқу бар.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 2-3 ұсақ және ірі қателер кездеседі.



4-5

Тақырыптың мазмұнын ашуы шектеулі. Жанрға сәйкес тіл құралдарын (тұрақты сөз тіркестері, афоризмдер, цитаталар көркемдегіш құралдар, мақал-мәтелдер т.б.) сирек қолданады, орынсыздық байқалады. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі байланыспайды. Сөздік қоры шектеулі. Жанрлық ерекшеліктерді (мәселеге фактілер келтіру, фактінің негізінде субъективті көзқарасын дамыту) ескермейді, жазылу сипатында бірізділік сақталмайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан 4-5 ұсақ және ірі қателер кездеседі.



3-4

Тақырыптың мазмұнын ашпайды. Жанрға сәйкес тіл құралдарын қолданбайды. Ойдың логикалық тұрғыдан жүйесі жоқ. Жанрлық ерекшеліктерді сақтамайды.

Грамматикалық, стильдік тұрғыдан алтыдан көп ұсақ және ірі қателер кездеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет