7-сынып қазақ тілінен емтихан тапсырмалары Бөлім: І ауарайы және климаттық өзгерістер



бет2/2
Дата15.05.2024
өлшемі23,53 Kb.
#202270
1   2
Байланысты:
7 сынып емтихан тапсырмасы

1-тапсырма Оқылым
Мәтін тақырыбы, сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықта



Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат















2-тапсырма ӘТН
Шылауларды тауып, түрлерін ажыратыңдар

3-тапсырма Жазылым


Жазылым тапсырмасы. Эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасынд жазыңыз (дискуссивті эссе)


Сөз саны: 120-130
«Жершарындағы климат жағдайының табиғи өзгеруін тоқтатуға бола ма?» деген тақырып бойынша дискуссивті ээсе жазыңыз.Эссе барысында нақты деректер мен дәлел маңызды рөл атқарады. Оқушы өзінің позициясын нақты бекітіп, оны дәлелдейтін дәстүрлі және жаңаша аргументтер ұсынуы керек.
Дискуссивту эссе- мәселені шешудің бірнеше оңтайлы жолдарын немесе себептерін айқын көрсетіп ,оған өзінің көзқарасын жазу.

Қазақстан өзендері негізінен қар, жаңбыр, мұздық және жер асты суымен коректенеді.


Республиканың жазық бөлігінің өзендерінің қоректенуіне қарай қар-жаңбыр суымен және басым қар суымен қоректенетін өзендер деп екі типке бөлуге болады.
Қар-жаңбыр суымен қоректенетін өзендерге орманды дала, дала зоналарының өзендері жатады. Басты өзендері Есіл, Тобыл. Бұл өзендер көктемде тасиды, сәуір мамыр айларында жылдық ағынның 50%-ы ағып өтеді. Өзендер суды алдымен еріген кардан, кейін жаңбыр суынан алады. Өзен суы деңгейінің ең төмен кезі қаңтар айында байқалады, бұл кезде олар еспе суымен коректенеді. Негізінен кар суынан қоректенетін өзендердің ағыны түгелге жуық көктемге келеді (жылдық ағынның 85-95%-ы). Бұл қоректену типіне шөлейт және шөл зоналарының өзендері — Нұра, Жайық, Сағыз, Жем, Торғай және Сарысу жатады. Өзендердің деңгейі толық кезеңі көктемнің бірінші жартысында байқалады. Өзендер негізінен қар суымен қоректенеді. Көктемгі қар ерігенде өзен ағыны күрт көтеріледі. ТМД елдерінде өзен режимінің бұл түрін қазақстандық тип деп атайды. Мысалы, Нұра өзенінде жылдық ағынның 98%-ы көктемгі қысқа уакытта ағып өтеді. Өзен деңгейінің ең төмен кезеңі жаз айларында болады. Кейбіреулері мүлдем тартылып қалады. Күздегі жаңбырдан өзен деңгейі аздап көтеріліп, қыста қайта төмендейді.
Қазақстанның биік таулы бөлігінің өзендері қар суымен және мұздықтармен қоректенетін типіне жатады. Бұған Сырдария, Іле, Қаратал және Ертіс өзендері кіреді. Бұл өзендердің деңгейі көктемде, Алтай тауының өзендері (Ертіс) көктемнің 2-жартысы мен жазда тасиды. Бірақ қардың бір мезгілде ерімеуіне байланысты Сырдария өзенінің су тасуы ұзаққа созылады.
Тянь-Шань, Жетісу Алатауы өзендері көктем мен жазда, яғни жылдың жылы кезінде тасиды. Бұл тауларда қардың еруі көктемде төменгі белдеуден басталып, одан орта, жоғары биіктегі қар мен мұздықтар жаз бойы еріп, күзге дейін созылады. Тау өзендерінің ағынында жаңбыр суының үлесі шамалы (5-15%), ал аласа тауларда оның үлесі 20-30%-ға дейін жоғарылайды.

«ҚАЗАҚ ТІЛІ» ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША РУБРИКА 


7-сынып

Дағды

Төмен көрсеткіш 1-2 балл

Орташа көрсеткіш 3-4 балл

Жоғары көрсеткіш 5 балл

Оқылым

Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқиды, бірақ мәтіндегі нақты ақпаратты таба алмайды.

Мәтіндегі шылауларды тауып, түрлерін ажырата алмайды.



Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты жартылай табады.

Мәтіндегі мәтіндегі шылауларды тауып, түрлерін жартылай ажыратады.



Жалпы мазмұнын түсініп оқиды, нақты ақпаратты табады.

Мәтіндегі шылауларды толық тауып, түрлерін ажырата алады.



Жазылым

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтап жазуда шатастырады, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыптан ауытқиды.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазуда тақырыпқа қатысты мәлімет толық емес немесе жартылай қарастырылады.

Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін толық сақтайды, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазады.

Әдеби тіл нормалары

Сөйлемді дұрыс құрмайды, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (8-10) жібереді.

Сөйлем құрылысы дұрыс болғанымен, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік қателер (5-7) жібереді. 

Сөйлемдер логика-грамматикалық жағынан дұрыс құрылады, орфографиялық, пунктуациялық, стильдік 1 қате жібереді.



Дағды 

Төмен көрсеткіш 1-2 балл 

Орта көрсеткіш 3-4 балл 

Жоғары көрсеткіш 5 балл 

Оқылым 

Мәтіннің стилін анықтап, ерекшеліктерін жазу мен 
қолданған тілдік құралдарын анықтауда қиналады. 

Мәтіннің стилін анықтап, ерекшеліктерін жазуда аздап қиналады 
Қолданған тілдік құралдарын анықтауда қателеседі. 

Мәтіннің стилін анықтап, ерекшеліктерін жазады 
Қолданған тілдік құралдарын анықтайды 

Жазылым 

Құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазуда қиналады, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырып, дәлелдер келтіре алмайды 

Құрылымы мен даму желісін сақтап, аргументативті эссе жазады, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру мен дәлелдемелері толық емес немесе жартылай қарастырылады. 

Құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады, өз ойын дәлелдеп аргументативті эссе жазады 

Әдеби тіл нормалары 

- сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдануда 4-5 қате жібереді. 



- сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдануда 1-2 қате жібереді. 

- сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер мен айқындауыш мүшелерді қолдана алады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет