7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері



бет13/26
Дата24.11.2022
өлшемі210,6 Kb.
#159720
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Байланысты:
лекция-7

Тұқымды шашып себу ертеден келе жатқан тәсіл, қазір өте сирек қолданылады, көбіне трактор жүре алмайтын қия жерлерді, қала парктарындағы жасыл алаңды осы тәсілмен себеді.
Кәдімгі қатарлап егу жиі қолданылатын тәсілдің бірі. Барлық масақты, бұршақ тұқымдас дақылдар осылай егіледі. Осы тәсілмен еккенде дақылдардың тұқымы ылғалы бар тереңдікке түседі. Бұл тәсілмен сепкенде қатар аралығы 15-23 см болады, қатардағы өсімдіктердің аралығы 1,2-1,5 см болады. Қатар ішіндегі өсімдіктер бір- біріне тым жақын орналасқандықтан кейде қоректік зат жетіспей олардың өсуі біраз қиындайды.
Жиі аралықпен сепкенде өсімдіктердің қоректенуі жағдайы едәуір жақсарады, себебі бұл әдіспен сепкенде қатар аралық 7,5 см, ал қатардағы өсімдіктердің арасы екі есе алшақтап 2,4-3,0 см болады. өсімдіктердің қоректенуінің жақсаруы әр гектардан алатын өнімді едәуір көбейтеді.
Тоғыспалы тәсілмен егу деп кәдімгі қатарлы сеялкамен екі бағытта тігінен және көлденеңінен жүріп тұқым мөлшерін екі есе азайтып себуді айтады. Тоғыспалы егуде өсімдіктерді арақашықтығын сиректеп орналастырып, олардың қоректену жағдайын жақсарту үшін қолданылады. Соның нәтижесінде қатардағы тұқым бір- бірінен 3 см жуық қашықтыққа түседі. Сөйтіп, өсімдіктің ылғалдылық, қоректік заттардың тапшылығынан көп зардап шекпеуіне мүмкіндік жасалады. Егісті тоғыспалы тәсілмен егу кезінде танаптың тігінен және көлденең бір уақытта екі сеялка жүргізеді.
Кең аралықты тәсілмен еккенде дақылдардың қатараралығы 45,60,70,90,110 см, тіпті одан да көп болады. Бұлайша егу кезінде дақыл қатараралықтары культиватормен өңделеді. Бұл тәсілмен Қазақстанда қант қызылшасы, жүгері, мақта,соя, күнбағыс, көкөніс пен бақша дақылдары отырғызылады.
Жолақтап ( ленталап ) егу деп бірнеше қатар жанастыра егіліп содан кең қатараралық тастап, тағы да бірнеше қатар жанастыра егіліп отыратын тәсілді айтады. Бұл тәсіл дақылдардың арасындағы арам шөптерді культиватормен өлтіруге мүмкіндік туады, сонымен қатар дақылдардың қоректену және күн сәулесін қабылдау режимдері жақсарады. Бұл тәсілмен тары, қара құмық, тамыр жемістілер, кейбір көкөністер егіледі.
Пунктирлі егу деп қатардағы түұқымды жалғыз – жалғыздан арасын бірдей етіп орналастыру тәсілін айтады. Мұдай тәсілмен көлемі бірдей етіліп іріктелген тұқымдар арнаулы сеякалармен егіледі. Бұл әдіспен көбіне қант қызылшасы, жүгері, мақта егіледі. Бұлай етудегі мақсат өсімдіктерді сиретуге кететін қол еңбегін жойып, күтіп- баптау жұмыстарын комплексті механикаландыруға мүмкіндік жасау.
Ұялап егу деп тұқымды бір жерге топтап тастайтын арнаулы сеялкамен егу тәсілін айтады. Бұл тәсілмен бойы биік болып өсетін, қатараралықтары кең болып культиватормен өңделетін дақылдар егіледі. Бір ұяға бірнеше тұқым түскеде, олар жер бетіне тез шығып, жарысып, жылдам өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет