7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері


Лекция№2 Өсімдіктердің құрылысы және өмірі



бет2/26
Дата24.11.2022
өлшемі210,6 Kb.
#159720
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
лекция-7

Лекция№2 Өсімдіктердің құрылысы және өмірі.
Лекция мақсаты: Көмірсулар, Ақуыздар, Липидтер мен таныстыру. 

Лекция мәтіні: Өсімдік жасушасының химиялық құрамы аса бай және алуан түрлі.Академик В.И. Вернадский жер қыртысындағы элементтердің барлығы да (тіпті сирек кездесетін элементтер де) өсімдіктерде белгілі мөлшерде кездеседі деп санайды. Алайда тірі заттың құрамына бар болғаны 22-27 элемент кіреді.Тірі затқа жасуша қабықшасының ішкі көлемінде тұратын барлық сұйық, қоймалжың протопласт жатады. Оның қабатында органоидтер: вакуоль, цитоплазма, ядро, т.с.с. орналасқан. Тірі зат құрамына кіретін элементтерл\ді үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа көміртек, сутек, оттегі, азот, фосфор, күкірт жатады. Ион түрінде кездесетін элементтер: натрий, калий, магний, кльций, хлор. Үшінші топқа микроэлемнттер кіреді: темір, мыс, қалайы, мырыш, марганец, кобальт, иод, молибден, ванадий, никель, хром, фтор, селен, шақпақ тас,бор, мышьяк. Көрсетілген элементердің 16-сы барлық организімдерде кездеседі. Жалпы табиғатта кездесетін элементтер саны 92 болса, тірі зат құрамына кіретін 22-27 элементтерді биоэлементтер деп атайды. Бұл элементтер өзара әрекеттесе тұрып, күрделі органикалық заттар түзеді. Тірі заттың құрамына кіретін молекулаларды биомолекула деп атайды. 

Көмірсулар.
Өсімдіктердің құрғақ затының көп бөлігін, яғни оның 85-90%-ын көмірсулар құрайды. Молекуласының күрделілік дәрежесіне қарай олар моносахаридтер мен полисохаридтерге бөлінеді.
Гидролизге ұшырамайтын қарапайым көмірсулар моносахаридтерге жатады. Моносахаридтер қалдықтарының шағын мөлшерінен тұратын қанттар олигосахаридтер ге жатады, олар керсінше ди- , три- , тетрасахаридтер деп аталады.
Моносахаридтер. Моносахаридтер молекуласындағы көміртек атомдарының санына қарай ажыратылады да, осыған орай триоза, тетроза, пентоза және т.с.с. болып табылады.
Моносахаридтердің a және b формаларында белгілі бір мән бар. Олар өсімдіктерде кең тараған ферменттерге қарағанда күрт ерекшеленетін тиісті туындылар түзеді. Ол туындыларды гликозидтер деп атайды.
Дисахаридтер мен полисахаридтер. Сахароза дегеніміз гликозидтік байланыс арқылы қосылған  -D- глюкоза мен  -D фруктозадан тұратын дисахарид.
Өсімдіктерде басқада дисахаридтер- мальтоза, целлобиоза, лактоза кездеседі. Бұлардың құрамында сахарозаға ұқсас тек екі қарапайым қанттар қосылады. Мальтоза құрамында екі глюкоза қалдығы, лактоза глюкозамен галактоза қалдықтарынан, целлобиоза екі глюкоза қалдықтарынан тұрады.
Крахмал. Төменгі сатыдағы өсімдік- балдырлардан бастап, жоғарғы сатыдағы қос жарнақтыларға дейінгі барлық өсімдіктерде фотосинтез процесі нәтижесінде түзілген көмірсу тез арада крахмалға айналады. Ол жапырақ мезофилінің жасушаларында жиналады да, ассимиляциялық крахмал деп аталады. Соңынан ол тез арда басқа заттарға немесе крахмал қорына айналады. Ассимиляциялық крахмал өсімдіктің жапырағында, тұқымында, жемісінде, сабағы мен тамырында басқа заттарға айналады. Мұндай өсімдіктердің жапырағы «крахмалды» жапырақ деп аталады. Астық тұқымдас өмімдіктердің жапырағында ассимиляциялық крахмал жоққа тән. Фотосинтез процесінің өнімдері оларда қарапайым көмірсу түрінде жйналады, сондықтан астық тұқымдастардың жапырақтары «қантты» жапырақ деп аталады, ал крахмал олардың арнаулы мүшелерінеде түзіледі. Жапырақ қынабы мен тұқым осындай мүшелері боглып табылады. Гүлдену кезеңінен бастап пісіп жетілудің соңына дейін мұнда крахмал жедел синтезделеді. Арпа, қарабидай және күріш дәндерінің толысу сатысында крахмалдың түзілуі жоғарғы жапырақтар мен масақтың ассимиляциялық қабілетіне байланысты. Төменгі жапырақтардағы фотосинтез дәнде крахмалдың жиналуына әсер етпейді деуге болады.
Тұқым, түйнек және пиязшық өнәп шығар кезде крахмал қорына ферменттер әсер етіп, оны мальтоза мен глюкозаға дейін ыдыратады. Крахмал гидролизі кезінде жай көмірсудың бұл формалары ферменттердің жәрдемімен сахарозаға айналады. Глюкоза мен сахароза өсімдіктердің өніп келе жатқанұрығына ағып келіп, мұнда тыныс алу және құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Өскін өсу үшін оған энергия мен жаңа жасушалар құруға қажеті жаңа заттар керек. Ферменттердің қатысуымен көмірсуды амин қышқылдарына, ақуыздарға және басқа өте қажетті заттарға айналдыруға бағытталған бірқатар реациялар өтеді.
Целлюлоза өте кең таралған полисахарид, ол жасуша қабықшасының негізін құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет