7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері


Лекция №12 Азықтарды дайындау технологиясы



бет26/26
Дата24.11.2022
өлшемі210,6 Kb.
#159720
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
лекция-7

Лекция №12 Азықтарды дайындау технологиясы
Пішен. Әр шаруашылықтың азық балансында пішеннің қыстық азық ретінде орны ерекше, себебі ол барлық қоректік заттардың қайнар көзі болып табылады. Ылғалдылығы 14-17% қалқан астындағы пішен ұзақ сақталады және жасыл түсін, ерекше иісін жоймайды.
Шөптерді орғаннан кейін өсімдік жасушалары бойындағы қоректік заттар арқылы біршама уақыт өмір сүреді, бұл кезеңді бос зат алмасу кезеңі деп атайды. Шамамен шөп бойында 35-38% ылғалдылық қалғанда, орылған шикі заттағы зат алмасу процесі ферменттер мен микрофлораның тіршілік әсерінен жүреді. Сондықтан кептірілген шөптің құрамында неғұрлым көп қоректік заттарды сақтап қалу үшін қысқа уақытта оның ылғалдылырын 14-17%-ға дейін түсіру керек. Пішенді ұзақ уақыт кептіру каротин мен протеиннің жойылуына әкеліп соқтырады. Сонымен бірге күн сәулесінің көмегімен көк шөпті кептіргенде механикалық әсердің арқасында көптеген қоректік заттар шығынға ұшырайды, мұндай қоректік заттардың шығыны 10-15%-дан 60-65% -ға дейін жетуі мүмкін.
Сондықтан, біріншіден, бос күйіндегі зат алмасудан және жасушалар тынысын жойғаннан кейінгі ыдыраудың әсерінен болатын шығын мөлшерін азайту үшін шөпті кептіруді мүмкіндігінше қысқа уақытта жүргізуге тырысу қажет, екіншіден, жауын-шашыннан қоректік заттардың жуылып кетуінің алдын алған жөн. Қоректік заттардың шығынын азайту мен пішен сапасын арттыру жолдарының бірі — пішенді желдету әдісімен ңүрғату болып табылады. Пішенді әбден қүрғатуға ауа бөлгіш қондырғысы бар арнайы желдет-кіштер ңолданылады.
Ылғалдылығы 35-45% -ға жеткізілген көк балауса ауа бөлгіш жүйенің бүкіл алаңына қалыңдығы 1,0-1,5 м етіп тегіс жайылады. Желдеткіш алғаіпқы екі тәулік толас-сыз жүмыс істейді, кейінгі тәуліктерде түнде тоңтатып, күндіз қондырғыны іске ңосады, алғашқы қабаттың ылғалдылығы шамамен 25-30%-ға жеткенде қалың-дығын 1,5-2,0 мжеткізіп екіншіқабат салады, көк балау-са ңабаттары маяның биіктігі 6-8 м жеткенге дейін са-лынады. Желдету уаңытының аяңталғанын аныңтау үшін түнгі үзілістен кейін ңондырғыны 6-7 сағат іске қосады да, жылы ауа бөлінбей ме, соны ңадағалайды. Егер жылы ауа бөлінбесе, 10-12 сағаттан кейін қайта тексе-реді, ал жылы ауа бөлінсе, желдетуді одан әрі жалғас-тырады. Бүл тәсілді ңолданғанда көк балауса 4-5 күнде кеуіп, жоғары сапалы пішен алуға мүмкіндік жасайды.
Соңғы кезде көптеген шаруашылыңтар үсаңталған пішен дайындап жүр. Үзындығы 12-15 см дейін үсақ-талған көк балаусаны шөп қоймаларында суың не жы-лытылған ауа әсерімен кептіреді (үсақталған пішеннің ерекшелігі азыңтық ңоспа жасауды жеңілдетеді).
Пішен дайындаудың тағы бір прогрессивті түрлері тығыздалған пішен дайындау болып табылады. Атжал-дағы көк балаусаның ылғалдылыгы 20-25%-ға дейін жеткенде жинап, тығыздайды. Тығыздалған пішеннің 1 м3 салмағы 200-300 кг жетеді, яғни тығыздалмаған пішен салмағынан 3-5 есе артық деген сөз.
Қазіргі уаңытта көптеген шет елдерде жөне біздің елде пішендік көк балаусаны сусыз аммиакпен өңдеу тәсілі ңолданылып жүр. Ылғалдылығы 20-35% көк ба-лаусаның 1 тоннасына 9-10 кг сусыз аммиакты біркелкі шашады, аммиактың үшып кетуіне жол бермеу үшін маяның үстін жасанды полиэтилен қағазбен жабады. Аммиак көптеген саңырауңүлаңтарға ңауіпті, сондық-тан пішеннің үзақ саңталуына мүмкіндік жасайды. Су-сыз аммиакпен өңделген пішеннің жасүнық мөлшері төмендеп, протеинінің ңорытылуы артады.
Шіпеннің азыңтың ңасиеті түріне ңарай өр түрлі бо-лып келеді. Бүршаң түңымдас пішенді көп жылдың және бір жылдық егілген (жоңышқа, сиыржоңышқа, бүршаң, эспарцет) шөптерден дайындайды. Тиімді мер-зімде, қолайлы ауа райында дайындалған бүршақ түңымдас пішенде 0,5-0,6 — азың өлшемі (6,8-7 мДж ал-масу энергиясы) және бір азың өлшемінде 150-200 г ңорытылатын протеин болады. Бүршақ түқымдас пішен -минералдың заттар мен протеиннің ңайнар көзі. Бүршаң түңымдас пішен дайындауды үлғайту әр шаруашылыңта азыңтың аңуыз мәселесін шешудің басты жолы болып табылады.
Сурлет.
Сүрлем — ңүрамында жеңіл ңорытылатын про-теин, витаминдер, минералдық заттар, органикалық қышңылдар болатын шырынды, бағалы мал азығы. Сүрлемнің азыңтың сапасы пайдаланылған негізгі шикі-заттың қүрамына, сүрлеу технологиясына байланысты.
Өсімдіктерді сүрлеудің нәтижесі олардың қүрамын-дағы ңант мөлшеріне байланысты, қант сүт қышқылды бактериялардың әсерінен сүт ңышқылын ңүрайды, осы жағдай сүрлем дайындаудағы ңант минимумы деп ата-лады. Соған байланысты сүрлеу дәрежесіне ңарай бар-лық өсімдіктерді жеңіл сүрленетін, қиын сүрленетін жөне сүрленбейтін деп үлкен үш топңа бөледі. Жеңіл сүрленетіндерге жүгері, астың түңымдас дақылдар, шалғындық шөптер жатады. Қиын сүрленетіндерге бүршақ, бүршаң түңымдастардың көбі жатады. Шикі-зат сүрленгіштігін ңөрсететін көрсеткіштердің бірі -ондағы ңант пен протеиннің араңатынасы. Егер бүл ара-ңатынас сүрленетін іпикізатта 1:1-ге таяу болса, мүндай шикізат жаңсы сүрленеді, ал протеиннің бір бөлігіне ңанттың 0,6 бөлігінен аз келсе, мүндай шикізаттың сүрленуі ңиын болады.
Сүрлем — биологияльщ әдіспен консервіленген азық түрі. Жасыл жүгеріні, я болмаса күнбағысты сүрлеген-де жаңа орылған жөне үсаңталған өсімдік массасын орға салып, мүңияттап тығыздайды, ауа енбеуі себептен, биохимиялың және микробиологиялың процестердің ңарңынды жүруінен, сүт, сірке және басңа ңышңылдар түзілуінен ортаның қарқынды ңышңылды болуынан консервіленеді.
Сүрлеу технологиясына төмендегідей операциялар енеді:
—жасыл өсімдікті ору және үсаңтау;
— жасыл массаны сүрлеу орнына тасымалдау;
— жасыл массаны орға жайғастыру, жаю және тығыз-дау;
— орды толтырып болғаннан кейін тығыздап жабу. Дайындалатын сүрлемнің сапасы ору кезеңінде
өсімдіктің өсіп-өну фазасына байланысты. Әр түрлі өсімдіктерді ору мерзімі, неғүрлым көп ңоректік зат-тар шығымын және жаңсы сүрленуін көздеуі керек. Солтүстік Қазаңстан аймағында жеңіл және жаңсы сүрленетін өсімдіктер жүгері және күнбағыс, я болма-са олардың ңоспасы болып есептеледі.
Жасыл жүгерінің оруға ең тиімді фазасы — дәнінің ңамырланып сүттенуінің басы, ал күнбағыстікі — гүлде-нуінің басы, яғни өсімдіктің 1/3 бөлігі гүлдегенде.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет