7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері


Құрама жемге қойылатын негізгі талаптар



бет22/26
Дата24.11.2022
өлшемі210,6 Kb.
#159720
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
лекция-7

Құрама жемге қойылатын негізгі талаптар. Дайын құрама жемнің сыртқы түрі бойынша көгеру белгілерінсіз, біркелкі болуы керек. Оның түрі оның құрамына кіретін ингредиенттер жинағының түсімен сәйкес келуі керек. Әдетте мал азығы сол немесе басқа да азық түрлерінің басымдылығына тәуелді әртүрлі түстер қоспасы бар сұр түсті болып келеді. Мысалға, жүгері қаспасы көп құрам жем сарғыш, шөп ұны қосылған болса – сұр-жасыл болып келеді. Иісі де ингредиенттер жинағына сәйкес келеді: балық ұны қосылған болса құрама жемнен кептірілген балық иісі, кориандр шроты қосылған жағдайда – кориандр дәндерінің жұпар иісі шығып тұрады. Толыққұнарлы брикеттелген құнарлы жемге пішен қосылса, пәшеннің иісі шығып тұрады. Құнарлы жемдегі ылғал мөлшері 14,5 ... 15 %-ден жоғары, ал ақуыз – дәрумендік – минералды қосындыларда 14 % жоғары болмауы тиіс. Құрама жемдегі ас тұзының жалпы мөлшері шекті рұқсат етілген мөлшерден аспауы керек: құстар үшін 0,7 %, жас малдар үшін 1 %, ірі малдар үшін 1,5 %. Құрама жемнің үгілген (ұн тәрізді), гранулалы және брикеттелген түрлерінде шығарады. Гранулалы құрама жем өнімділігі жоғары, дәмдік сапалары жақсартылған мал азығын алуға және оларды сақтау және тасымалдау үшін аса қолайлы етіп шығаруға, сонымен қатар шығындарды болдырмауға мүмкіндік береді. Гранулаларда балансталған құрама жем жақсы сақталады, ол әсіресе дәрумендерге, микроэлементтерге және биологиялық белсенді заттарға ерекше қатысты. Құрама жемнің сипаттамалары, түрлері және құрамы Құрама жем (қолдан жасалған мал азығы) — бұл ғылыми негізделген рецепт бойынша жасалған арнайы азықтық қоспа, ол ауыл шаруашылығы малдарын қоректендіруге арналған. Бұндай азықтардың үш түрі бар: толыққұнарлы, топтастырылған және ақуызбен, дәрумендермен, минералды қосындылармен байытылған арнайы азықтық қоспалар. Олар әртүрлі түрлерде шығарылады: жарма, брикеттер, гранулалар, үгілген қоспалар және т.б. құрама жемді дайындауға қажетті шикізаттар дәнді-дақылдар, ірі мал азығы, шөп және қылқанжапырақтардың үгіндісі және т.б. Негізінен оған әртүрлі дәнді-дақылдар сұрыптары және қоспалар белгілі мөлшерде қосылады. Құрама жем жануарларға қоректік заттарды аса тиімді пайдалану мақсатында алдын ала тазартылған, үгітілген, ғылыми негізделген рецепт бойынша жасалған әртүрлі азық құралдарының күрделі біркелкі қоспасын ұсынады. Артықшылығы: азық қорын үнемдеу; әртүрлі салалардың қалдықтарын ұқыпты пайдалану; түрінің нашарлығына және басқа да себептерге байланысты жеке дара пайдаланылмайтын шикізатты құрама жем құрамына қосу мүмкіндігі; өнімге азықтандыру үшін қолайлы қалыпын беру мүмкіндігі. Құрама жемді әдетте жануарлардың барлық топтары үшін өндіреді. Барлық қоректік заттары бойынша дұрыс жасалған құрама жемді пайдалану кезінде жануарлардың өнімділігі 10-12%, ал егер жануарларды дәнді-дақылдардың жекелеген түрлерімен қоректендірген кездегі өнімділігімен салыстырғанда азықты дәрумендермен, микроэлементтермен және басқа да ынталандыратын заттармен байытылған кезде 25- 30% артады, Құрама жемнің негізі дәндідақылдар шикізаты болып табылады, ол барлық құрама жемдердің шамамен 60-65% құрайды. Дәнді-дақылдардан, ол: бидай, арпа, жүгері, сұлы, тары. Ерекшелігі: құрамында көмірсулардың мөлшері жоғары - 70%, ақуыздың аз мөлшері - 10-15%. Дәндібұршақтылардың дақылы: бұршақ, үрмебұршақ, қытайқұршағы, бөрібұршақ. Бұл ақуызы жоғары дақылдар - 25-45%. Майлылығы: күнбағыс, қоза, рапс, сурепка, жирен, құрама жем құрамына қалдық түрінде қосылады (күнжара, шрот). Сондай-ақ келесілер де қосылуы мүмкін: дәндерді жармаға және ұнға айналдыру кезінде алынатын қалдықтар, азық-түлік өндірісінің қалдықтары, жануартекті жемдер, ірі жемдер және т.б. Құрама жемдерді дайындау технологиясы келесі сатылы орындалатын операциялардан құралады: шикізатты қабылдау, орналастыру және сақтау, үгіту, мөлшерлеу, пресстеп араластыру, сақтау. Құрама жем өндіретін зауыттар шығарады: толыққұнарлы құрама жемдер, құрама жем – топтамалар, құрама жемдер қоспалары, балансталған ақуыздық (ақуыз-дәрумендік (АДҚ)), минералды (АДМҚ), карбамидті қоспалар (концентрат) және премикстер. Толыққұнарлы құрама жемнің құрамында жануарлардың өнімділігінің жоғарғы деңгейінде олардың физиологиялық сұранысын қанағаттандыратын барлық қажетті қоректік заттар бар. Оларды басқа жем түрлерінің қоспасынсыз жемдейді. Бұл құрама жемдерді көбіне құстарға, шошқаларға және жылқыны жемдеу үшін дайындайды. Басқа жануарлар төлдерін және үй қояндарына дайындайды. Әрбір құрама жем рецептін екі санмен таңбалайды: біріншісі – нақты жануарлардың топтары үшін, екіншісі – рецептің реттік нөмері. Әрбір жемнің әріптік таңбасы бар: ТҚЖ – толыққұнарлы құрама жем, Т – топтама құрама жем, АДҚ - ақуыз-дәрумендік қоспа, ТСА – табиғи сүтті алмастырушы, П – премикстер. Құрама жемдерді микроқоспалар – метиониндермен, дәрумендер - А, D, Е, рибофлавинмен, пантотен қышқылымен, никотин қышқылымен, В12 дәруменімен, марганец тұздарымен, темірмен, мыспен, цинкпен, кобальтпен, йодпен байытады. Топтастырылған құрама жемдер жануарларды жемдеу үшін ірі, сөлді және басқа да жергілікті жемдерден тұратын негізгі рационға қосымша ретінде беріледі. Құрама жем өндірісі жем топтамаларын қысыр қалған немесе сауын малдарына арнап, және барлық малдардың әртүрлі жастағы төлдеріне арнап, өнім беретін, жұмыс жылқылар үшін, буаз және емізетін мегежiндер үшін, буаз және емізетін қойларға арналған, сондай-ақ шошқаларды еттік және қақталатын шошқа етін алу үшін жемдеуге арнап шығарады. Осы тектес құрама жем құрамына микроэлементтұздары және D2 дәруменінің қоспалары кіреді. Жоба бойынша құрама жем өндіретін зауыты жас санаттарына сәйкес шошқалар үшін құрама жемдердің келесі түрлерін өндіруі керек: • Еметін торайлар үшін (2 айға дейін) • Өсіруге жіберген торайлар үшін (2-4 ай) • Өсіруге жіберген торайлар үшін (4-6 ай) • Жемдеудегі шошқалар (6 айлық шошқалар) • Мегежiннiң буазы мегежiндері және қабандар үшiн • Еметін мегежiндер үшiн Құрама жемнің әрбір түрін өндіру үшін қажетті шикізат оның рецептіне байланысты есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет