7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері



бет19/26
Дата24.11.2022
өлшемі210,6 Kb.
#159720
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
лекция-7

Лекция№8 Жем-шөп өндіру.
Жем-шөп түсінігі.Жемшөп -- малды азықтандыру үшін пайдаланатын өнімдер. Олар өсімдіктекті, жануартекті жəне минералдық болады. Жемшөп құрамында сіңімді қоректік заттар көп. Жемшөпті түсіне, иісіне, дайындау əдісіне, т.б. қарап бағалайды. Өсімдіктекті жемшөпке жасыл азық, ірі азық, пішендеме, тамыр-түйнектер, техникалық дақылдардың дəнді жəне өсімдікті қалдықтары, құрама азық жатады. Жасыл азық (табиғи жəне екпе жайылым шөптері, тамыр жемістілердің жапырақтары, т.б.) жазда күйіс қайыратын малдың азық құрамын құрайды. Ірі азық (пішен, сабан, т.б.) құрамында күйіс қайыратын малдың асқорыту процесін қалыптастыратын клетчатка болады. Пішен -- күйіс қайыратын малға қыста берілетін жемшөптің бірі. Пішендеме сəл кептірілген əр түрлі шөптерден дайындалады. Оны малға пішен, сүрлем орнына беруге болады. Шөп ұны бұршақ жəне астық тұқымдас шөптердің қоспасынан дайындалады. Ол ақуыз бен витаминге бай. Сүрлем -- шырынды азық. Негізінен, қыста, ал жазда қосымша жемшөп түрінде қолданылады. Тамыр-түйнектер (қызылша, сəбіз, картоп, т.б.) мен шырынды жемістерді (асқабақ, қарбыз, т.б.) барлық малға береді. Олардың құрамында көмірсу, С витамині, каротин көп болады. Дəнді азыққа дəнді (арпа, сұлы, жүгері, т.б.) жəне бұршақ (бұршақ, жасымық, т.б.) тұқымдас дақылдар жатады. Дəнді дақылдарда көмірсу, негізінен, крахмал, бұршақта ақуыз (протеин) көп. өн тартқанда, май шайқағанда, қант қызылшасын өңдегенде, т.б. қалатын қалдықтар да (кебек, күнжара, сірне, сығынды, т.б.) құнарлы азық ретінде қолданылады. Жануартекті азыққа балық ұны, ет-сүйек ұны, майы алынған сүт, т.б. жатады. Бұлардың құрамында протеин, минералды заттар, витаминдер көп. Жас төлдерді, құстар мен мамық жүнді аңдарды азықтандыруда қолданылады. Минералды азықтың маңыздылары -- ас тұзы, бор, əктас, сүйек ұны, т.б. Жемшөп дақылдары -- ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру үшін өсірілетін дақылдар. Жемшөп дақылдарына тамыржемістілер мен түйнекжемістілер, бақша дақылдары; сүрлемдік жəне жемдік астық дақылдары жатады. Бұлар жайылым ретінде, жасыл азық, пішен,пішендеме, шөп ұны, сүрлем, дəн, т.б. түрінде пайдаланылады. Жемшөп дақылдарын егістік жəне жемшөптік ауыспалы егісте, сондай-ақ, ауыспалы егістен тыс телімге де өсіреді. Жемшөптік өсімдіктерден бұршақ жəне астық тұқымдасқа жататын бір жылдық жəне көп жылдық шөптер өсіріледі. Азықтық тамыржемістілерден -- азықтық сəбіз, азықтық қызылша; ал азықтық түйнекжемістілерден картоптыңжемге арналған сорттары, жер алмұрты; азықтық бақша дақылдарынан азықтық қарбыз, кəді, асқабақ; сүрлемдік дақылдардан жүгері,күнбағыс, азықтық орамжапырақ, жер алмұрты егіледі. Жасыл азыққа дəнді бұршақ дақылдары (асбұршақ, қытайбұршақ, жасымық) жəне дəнді дақылдар (қара бидай, сұлы, арпа, тары) өсіріледі. Жемдік астық алу үшін дəнді бұршақ дақылдарын (сиыржоңышқа, асбұршақ,егістік бұршақ, азықтық бөрібұршақ) жəне дəнді дақылдарды (сұлы, арпа, жүгері, т.б.) пайдаланады. Қазақстанның барлық аудандарында жемшөп дақылдары сол жердің ауа райына, топырақ ерекшелігіне қарай өсіріледі. 2.2. Мал азығының қоректілігін бағалау .Қазақстанда малды қорада ұстап бағу əр аймақта əр түрлі. Оңтүстік аймақтарда бұл көрсеткіш 4-6 айдай болса, солтүстік аймақтарда 7-8 айға дейін созылады. Жəне де кейбір аймақтарда (далалық, шөлейт) табиғи жайылымдардың жаздың екінші жартыс (стойловый период) баққанда жұмсалады екен. Сол себепті шалғындықтан жəне егістіктен алынған жемшөптің азықтық бағалығын есептеу керек. Ол үшін Россияның В.Р. Вильямс атындағы мал азықтық ғылымизерттеу институты ұсынған анықтаманы пайдалануға болады. Ұсынған анықтамаларды пайдалана отырып, егістіктің 1 гектарынан алынған көк балаусаның мал азықтық өнімін шығаруға болады. Қазіргі кезде мал азығының қоректілігін анықтау үшін азықтық өлшем (а.ө.) қолданады. Ол дүниежүзілік стандарт бойынша 1 кг сұлыдағы энергия мөлшеріне тең етіп алынған. Өсімдіктің қоректілігін бағалау. Өсімдіктің қоректілігі оның химиялық құрамына байланысты. Өсімдікте су мөлшері жəне құрғақ зат мөлшері анықталады. Құрғақ затында күл мөлшері, одан кейін протеин, ақзат, май, клетчатка жəне азотсыз экстрактивті заттар анықталады. Өсімдіктің желінуі. Бұл көрсеткіш 5 балл бойынша анықталады: 5-өте жақсы желінетін өсімдік; 4-жақсы желінетін өсімдік; 3-орташа желінетін өсімдік; 2-нашар желінетін өсімдік; 1-өте нашар жəне кей кездері ғана желінетін өсімдіктер; 0-мал жемейтін өсімдіктер. Улы жəне зиянды өсімдіктер. Улы өсімдіктерге мал жегенде ауыратын не болмаса уланатын өсімдіктер жатады. 29 Мал азықтық өсімдіктерді ботаникалық топтарына жəне тұқымдастарына қарай қоректілігін бағалау. Ол үшін өсімдіктерді 4 топқа бөледі: астық, бұршақ, қияқ (өлең) жəне аралас шөптер. Қазіргі кезде əр гектардан түсетін мал азығы мөлшерін есептеу үшін əр түрлі анықтамалар мен əдістемелер пайдаланалады. Солардың негізгісі болып М.Ф. Томмэнің (1964ж.) Корма СССР. Состав и питательность көлемді анақтама кітабі. Бұл анықтамада мал азағының 3100-ге тарта түрлерінің 6500- ден астам талдаулар көрсеткіштері келтірілген. Қазақстанның мал азығы түрлерінің қоректілігін анықтау үшін М.Ф. Мартовицкаяның (1976 ж.) Химический состав и питательность кормов Северного Казахстана анықтама кітабін пайдалануға да болады. Осы жəне басқа да анықтама кітаптарында сараптамаға алынған мал азығы түрлері, үлгілердің талдауға алынған уақыты, өсірілген жері, өсу кезеңі, ондағы мал азығы өлшемі, 1кг немесе 100 кг азықтағы қорытылатын протеин мөлшері жəне де азықтың химиялық құрамы (-%) - су, протеин, ақзат, клетчатка, азотсыз экстрактивті зат, олардың қорытылу коэффициенттері мен мөлшері келтіріледі. Мал азығындағы азықтық өлшем ондағы құрғақ заты мөлшерімен тығыз байланыста. Былайша айтқанда мал азығының ылғалдылығы төмен болған сайын оның мал азықтық өлшемі жоғары болады. Ал енді шабылмай тұрып қалған шабындықтан түсетін өнімнің құрғақ затының мөлшерінің жоғары болуы оның қорытылу сапасының төмен екенін көрсетеді. Жемшөп өндіру (орыс. кормопроизводство) - мал азығын өндіру туралы ғылым. Мал азығына табиғи жəне екпе жайылым мен шабындық оты, көк азыққа жəне сүрлем, пішендеме салуға өсірілген техникалық дақылдар, азықтық тамыр-түйнек жемістілер мен бақшалық дақылдар, мал азығына жұмсалатын астық пен бұршақ тұқымдастар дəні, олардың өңдеу қалдықтары мен сабаны, түрлі техникалық өңдірістің азықтық жем, сірне, кебек, күнжара, шрот секілді қалдықтары жататын білім саласы табиғи жөне мəдени жайылым отын жақсарту, шабындық өнімділігін ұлғайту, сапалы пішен мен шөп ұнын дайындау, пішендеме мен сүрлем салу технологиясын жетілдіру, дайындалған жемшөп қоректілігі мен құнарлылығын ұзақ мерзім сапалы сақтау жағдайларын зерттейді. III.Қорытынды. Республикамыздағы егін шаруашылығында малазықтық дақылдар 2,7 млн. га. жерде орналасқан, яғни барлық егіс аумағының 16%-ын алып жатыр. Қазақстанда малдар қорада тұратын кезеңде жəне жазда үстемелеп азықтандыруға алатын мал азығы үшін жыртылатын жерлерде малазықтық дақылдар өсіріледі, оларды негізгі топтарға бөлуге болады: 1.Сүрлем дақылдар. 2. Көпжылдық бұршақ тұқымдастар 5. Біржылдық астық тұқымдастар. 6. Малазықтық тамыржемістілер. 7. Малазықтық бақша дақылдар. 8. Жемазықты дақылдар. Одан басқа аз тараған жəне дəстүрлі емес малазықтық өсімдіктер тобын көрсетуге болады, бірақ та олар қазірше маңызды өндірістік рөл атқармайды. Қазақстанда негізгі сүрлем дақыл ретінде жүгері, күнбағыс, ақ жүгері жəне судан шөбін өсіреді. Дақылдардың негізгі өсіру мақсаты - сүрлем алу жəне жаздың екінші жартысында (тамыз-қыркүйек басында) жасыл балаусамен үстеме азықтандыру. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, дəруменді шөп ұны жəне жазғы уақытта жасыл балауса мал азығына өсіріледі. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер құрамындағы сіңімді протеиннің жоғары мөлшерімен сипатталады: олардан алынған мал азығында жинау технологиясы сақталған жағдайда 1 а.ө-ге 180-250 г сіңімді протеин келеді. Бұл дақылдар тобы мал азығын өндіруде энергетиканың көзі ретінде ғана, малдар рационын ақуызбен алмастырылмайтын аминқышқылдар мен толықтыру үшін де маңызды. Бұршақ тұқымдас шөптер ретінде республикамызда жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, қызыл беде өсіріледі. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер пішен, пішендеме, көк балауса дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын негізгі дақылдар еркекшөп, қылтықсыз арпабас, көген тамырсыз бидайық, шалғындық бетеге жəне т.б. Біржылдық шөптер пішен, пішендеме, жем азық дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдар жасыл конвейердің маңызды шикізат көзі болып табылады. Қазақстанда өсірілетін негізгі біржылдық шөптерге судан шөбі, итқонақ, қонақтары, малазықтық шай жүгері, сұлы, арпа, сиыржоңышқа, асбұршақ, ноғатық т.б. жатады. Малазықтық тамыржемістілер күзгі-қысқы мерзімде шырынды диетикалық жəне дəруменді мал азығын дайындауға өсіріледі. Бұл топқа жататын дақылдардан біздің елімізде қант қызылшасы, малазықтық сəбіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет