7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері



бет16/26
Дата24.11.2022
өлшемі210,6 Kb.
#159720
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26
Байланысты:
лекция-7

Күздік арамшөптер. Олар өздерінің дамуы үшін қысқы маусымның төменгі температурасын қажет етеді. Өскіндерінің пайда болу мерзіміне қарамай, өсімдіктері қыстап шығады да, келесі жылдың жазында ғана жеміс береді. Күздік мәдени дақылдармен бірге өседі және тұқымдары бір мезгілде пісіп жетіледі. Өкілдері: қара бидай арпабасы, далалық арпабас.
Екі жылдық арамшөптер. Өздерінің даму тіршілігін екі жылдың ішінде аяқтайтын өсімдіктер. Бірінші жылы тамыр жүйесі мен дегелек жапырақтары қалыптасады. Бұл топтың өкілдері — қара меңдуана, ақ және сары түйе жоңышқа, кәдімгі кәріқыз, т.б.
Көп жылдық арамшөптер. Олар бірнеше жыл өседі, қыста топырақ бетіндегі мүшелері ғана өледі, ал тамыры қыстап шығады да келесі жылы өсуін жалғастырады. Көп жылдық арамшөптерді тамыр жүйесіне қарай мынадай топтарға бөледі: атпатамырлы арамшөптер, көбінесе тамыр атпалары деп аталады. Олар тұқымдары арқылы және тамыр өскіндерімен көбейе алады. Негізгі өкілдері — далалық шырмауық, егістік қалуен, жатаған у кекіре, кәдімгі сиякөк, талшықты сүттіген, т.б.
Кіндіктамырлы арамшөптер. Негізгі кіндік тамыры бар өсімдіктер. Бұл топқа кәдімгі бақбақ, ащы жусан, бұйра қымыздық, т.б. жатады.
Тамыр жүйесі шашақты арамшөптер. Бұл биологиялық топтың өкілдерінің тамыр жүйесі шашақты болады және арнаулы вегетативтік көбею мүшелері болмайды. Бұларға үлкен бақажапырақ, күйдіргі сарғалдақ жатады.
Баданалы және түйнекті арамшөптер. Олардың негізгі көбею мүшелері түйнектер мен баданалар (бас жуа, бақшалық жуа, түйнекті әйкен, түйнекті әрем, батпақ қайызғақшөп, т.б.)
Тамырсабақты (көген тамырлы) арамшөптер. Негізінен тамыр сабақтарымен вегативтік жолмен көбейеді (көгентамырлы бидайық, бұтақты бидайық, құмай, қарашағыр).
Кейбір арамшөптер улы болады, адамдар мен малдарға үлкен қауіп туғызады, әсіресе жануарларға көп қауіп туғызады. Себебі олар жемшөппен бірге түсуі мүмкін. Өсімдік түгелдей (меңдуана, сасық мендуана) тұқымдары (арам шытырмақ, сарыбас қурай) улы болып келеді. Улы арамшөптердің қатарына кәдімгі қарамықшы қыздырма у бидайық, жатаған у кекіре, сарғалдақ, қара меңдуана, жусан жапырақты ойраншөп, т.б. жатады.
Карантинді арамшөптер. Арамшөптердің бұл түрлерінің таралу мүмкіндіктерін шектейтін ерекше шаралар қолданылады. Карантинді арамшөптердің қатарына арамсаяудың барлық түрлері, жатаған у кекіре, жусанжапырақты ойраншөп, үштармақ ойраншөп, т.б. жатады.
Егіннің, топырақтың, өнімнің арамшөптермен ластануын есептеу әдістері, Танаптардағы арамшөптерді есепке алудың төрт тәсілі болады: көзбен шамалау, сандық, сандық-салмақтық және қашықтан немесе жоғарыдан шамалап анықтау әдістері. Онда ұшақтан, тік ұшақтан видеожазу немесе ғарыштан егістер түсіріледі де, дайындалған жадығаттар жерде өңделеді. Танаптардың ластануын тексеру үшін егістікті бір немесе екі диагоналы бойынша өту керек. Танапты тексеріп шыққаннан және ластану жөніндегі толық түсінік қалыптасқаннан кейін, А.И.Мальцев ұсынған 4 балдық жүйемен бүкіл танаптың ластануын анықтайды. Танаптың ластануын санау әді сімен анықтау үшін оның ұзын қиғашы бойынша жүріп отырып, бірдей қашықтықтан соң аумағы 0,25 шаршы метр (50х50см) есептеу кәсекті салып есептеу жүргізеді.
Ауданы 100 гектардан артық танаптарда 20 қайталаныммен есептеу жүргізіледі. Ол үшін кәсектің ішіндегі арамшөптердің әртүрін бөлек санап есептеп дәптерге жазады. Анықтаушыға белгісіз арамшөптерді бөлек көрсетеді. Ластану деңгейі мына шкаламен анықталады: 1 балл 5 арамшөпке дейін; 2 балл 5-тен 15-ке дейін, 3 балл 16-дан 50-ге дейін; 4 балл 51-ден 100-ге және 5балл 100-ден жоғары. Танаптардың ластануын санау және салмағын өлшеу әдісі арқылы анықтағанда арамшөптерді тек санап қоймайды, олардың және мәдени дақылдардың дымқыл және құрғақ ауа массасын өлшейді. Бұл әдіс агротехникалық зерттеулерде, танаптардың ластану деңгейін ғана анықтап қоймай, арамшөптердің зияндылығын анықтау керек болғанда қолданылады.
Топырақтың арамшөптердің тұқымдарымен ластануын анықтау көп еңбек етуді, арнайы құралдарды және көп уақытты қажетсінеді. Алайда, танаптардың жыртылатын қабатындағы арамшөп тұқымдарының мөлшерін білу, олардың өміршеңдігін сақтау мүмкіндігін ескере отырып, танаптардың ластануын бірнеше жылға болжауға болады. А.В.Филоновтың деректері бойынша топырақтың жыртылатын қабатының арамшөптердің тұқымдарымен ластануын бағалауды төмендегі шкала бойынша жүргізеді: 1 балл — нашар, гектарына 10 млн данадан аз; 2 балл — орташа, 10-50 млн дана/га; 3 балл -күшті, гектарына 50 млн данадан көп.
Топырақтың арамшөптермен ластану картасын жасау, оның маңызы. Есептеудің нәтижесінде танаптардың ластану картасын жасайды. Әр картада арамшөптердің биологиялық топтарын және түрлерін көрсетеді. Картада әр танаптың аумағында оң жақ шетіне таңау бірінің ішінде бірі диаметрлері 2 және 4 см екі шеңбер сызады. Кішкене шеңбердің ортасында әр шаршы метрдегі арамшөптердің саны, балмен берілген ластану деңгейі, ал сызықтың ас тында анықтау жүргізілген жыл көрсетіледі. Сыртқы және ішкі шеңберлердің арасы танапта кездескен арамшөптердің түрлеріне байланысты бөліктерге (секторларға) бөлінген. Бөліктердің ауданы тиісті топтағы арамшөптердің санына сәйкес келеді. Әр сектор пайдаланған шартты белгілерге сәйкес боялады немесе сызықшалармен белгіленеді, сонан кейін ең зиянды және жиі кездесетін арамшөптердің қысқартылған атауы және саны керсетіледі. Әр биологиялық топты белгілеу үшін шартты түстерді немесе сызықтарды пайдаланады. Арамшөптердің негізгі түрлерін бас әріптермен, ал олардың сандарын санмен белгілейді. Бірнеше биологиялық топтар болса, бүкіл танаптың түстерін немесе сызықшаларын басым топтың белгісімен белгілейді. Танаптардың ластану картасы негізінде арамшөптермен күрестің кешенді жоспары жасалады. Танаптардың әр түрлі биологиялық топтармен ластану деңгейіне қарай, гербицидтер пайдаланылатын жердің ауданы, қажетті гербицидтің мөлшері, оларды шашатын арнайы машиналардың саны анықталады. Агротехникалық күрес шараларының көлемі белгіленіп, технологиялық карталар жасалады, жұмсалатын қаржының мөлшері және мүмкін болатын экономикалық тиімділік анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет