7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері


Арамшөптермен күресу шаралары



бет17/26
Дата24.11.2022
өлшемі210,6 Kb.
#159720
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Байланысты:
лекция-7

Арамшөптермен күресу шаралары. Экономикалық тиімділігі. Арамшөптерге қарсы алдын ала күресу шаралары, агротехникалық, химиялық және биологиялық күрес шаралары қарастырылған. Алдын алу шараларының негізгі міндеті — арамшөптердің тұқымдарымен вегетативтік көбею мүшелерінің таралуын болдырмау. Ол үшін өңделмейтін жерлердегі арамшөптердің тұқым шашуына жол бермеу керек. Ол үшін тұқымдарды арнайы тұқым тазалағыш машиналардағы елеуіштермен триерлерді пайдаланатын 1-2 класс деңгейіне көтеру қажет. Егер егінді жинау жұмыстары мезгілінде, кешіктірілмей жүргізілсе, арамшөптер тұқымының негізгі бөлігі комбайн бункеріне немесе сүрлемдік дақылдармен бірге көк балаусаға түседі. Дәнді бөлектеп жинағанда тікелей орып бастыруға қарағанда арамшөптердің тұқымдары жерге көп шашылады.


Лекция№7 Мелиоративті (суландыру, суалту, суғару) іс-шаралар
Суландыру жүйелеріндегі суды бөлуді ұйымдастыру жəне ретімен танысу Далалық іс – тəжірибе жұмыстары барысында біз суландыру жүйелерінің атқаратын қызметі, олардың құрамдас бөліктері мен танысып, сол жербегі су бөлудің ұйымдастыру ретімен бір жола таныстық. Суғару жүйелерінің атқаратын қызметі негізінен суды су көзінен шығару, оның сапасын жақсарту, тасмалдау, əр егістік танабына таратып суғаруды жүзеге асыру, артық суды танаптан жəне тамыр орналасқан қабаттан шығару болып табылады. Суғару жүйелерінің құрамдас бөліктері мыналар:
✓ Суды су көзінен көтеруге арналған гидроқұрылыстар, қондырғылар, механизімдер жəне агрегаттар;
✓ Суды су көзінен егіс алқабына тасымалдап тартатын каналдармен құбырлар;
✓ Каналдар мен құбырлар желілеріне қажетті гидротехникалық құрылыстар, су ағысын өлшейтін жəне реттейтін арнайы механизімдер мен қондырғылар;
✓ Суғаруды жүзеге асыруға арналған каналдар, қондырғылар мен механизімдер ( уақытша ақ – арықтар суғару құбырлары, қарықтар, суғару механикасы мен жабдықтар)
✓ Артылған жəне топырақтың есепті қабатынан терең сіңірген суды жинауға арналған каналдар ( қашқан суды жинақтап, арнайы қоймаларға тасмалдайтын каналдар мен дренож тараптары )
✓ Тонап қорғауға арналған орман жолақтары
✓ Байланыс жəне қатынас тораптар, өндіріс құрылыстары ( жолдар мен телефон байланыстары жəне т.б.) Суғару жүйелері өздері сумен қамтамасыз ететін шаруашылықтар санына жəне олардың жекешеленуіне байланысты
✓ Ұжымдық – шаруашылықтық;
✓ Ұжымдық – шаруақожалықтық;
✓ Шаруақожалықтық аралық;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет