7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері



бет15/26
Дата24.11.2022
өлшемі210,6 Kb.
#159720
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
лекция-7

Лекция№6 Арамшөптер.
Арамшөптер туралы түсінік, олардың зияны. Арамшөптер деп мәдени өсімдіктердің егістіктерінде өсетін, олардың өнімінің мөлшерін төмендетіп, сапасын нашарлататын өсімдіктерді атайды. Мәдени дақылдардың егісінде басқа мәдени дақылдар кездессе, оны ластаушы өсімдіктер деп атайды. Мәдени өсімдіктерге қарағанда арамшөптер тез дамып, ылғалды және қоректік заттарды әлдеқайда көп жұмсайды. Жоғары қабатта өсетін арамшөптер мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, олардың жапырағында жүретін фотосинтез үрдісін баяулатады, ауыл шаруашылық машиналардың жұмысын нашарлатып, олардың сынып қалуына себеп болады. Арамшөптердің тұқымдары астық дәндерінің ылғалдылығын көтеріп, олардың қызуына және бүлініп кетуіне жағдай туғызады. Арамшөптер ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері мен ауруларының тіршілік ететін және олардың тарайтын орны болып табылады. Кейбір арамшөптердің жемістері мен тұқымдары өнімнің сапасын төмендетеді. Ащы жусан астыққа жағымсыз иіс берсе, , қыздырма үйбидайық, қара меңдуана араласқан дән улы болады. Көптеген арамшөптердің гүл тозаңдары адамдардың аллергия ауруларын қоздырады. Мысалы, ащы жусан мен жусан жапырақтары арамшөптің тозаңдары безгек ауруын қоздырады. Ошаған, қара сұлы өздерінің тікенектері мен қылқандары арқылы малға жабысып, зақымдайды, олардан алынатын өнімдерді кемітеді, әсіресе жүн сапасын төмендетеді.
Арамшөптердің биологиялық еркшеліктері.
Арамшөптердің өсімталдығы өте жоғары. Академик А.И.Мальцевтің деректері бойынша көкпектің бір өсімдігі 100 мыңға дейін, гүлтәжі 500 мыңға дейін, сарыбас қурай 730 мыңға дейін тұқым шашады.
Арамшөптердің тұқымдарының бірден қаулап өнбеуі және біркелкі піспеуі: мәселен, кәдімгі қара сұлы мен ақ алабұтаның тұқымдарының өнгіштігі 3 жылға дейін сақталады. Себебі, олардың тұқымдарының бірден бір жылдан кейін, екі жылдан кейін өнетін 3 түрінің (полиморфизм) болуына байланысты.
Көптеген арамшөптердің тұқымдарының сол аймақта таралуға мүмкіндік туғызатын құрылымдары болады. Мысалы, арамшөптердің тұқымы өздерінің тікенектері, қылтықтарының көмегімен таралады, (қалуендер, бақбақ ұшпа ұрықтары, кәдімгі кәріқыздың,ошағанның ілгіштері болады). Желдің әсерінен тамырынан үзіліп, танаптарда дөңгелеп бара жатқан қаңбақ тұқымдарын жерге шашады.
Кейбір арамшөптердің тұқымдары топырықта бірнеше жыл өнгіштіктерін сақтайды: қара сұлуы, ақ алабұта, далалық ярутка 5-7 жыл, кәдімгі жұмыршақ, дымқыл жұлдызшөп 30 жыл, бұйра қымыздық 50 жылға дейін.
Көп жылдық арамшөптер вегетативтік жолмен көбейеді: атпатамырлы (дала шырмауығы, қалуендер), тамырсабақты (жатаған бидайық) өсімдіктер.
Көптеген арамшөптер ауа райының қолайсыз жағдайына ауыл шаруашылығы дақылдарына қарағанда төзімдірек келеді.
Арамшөптерді жіктеу және олардың кең тараған түрлері. Қазақстанда 300-ге жуық арамшөп түрлері кездеседі. Арамшөптерді жіктеу негізіне бірнеше белгілері алынған: өсімдіктердің қоректену әдісі, тіршілік ұзақтылығы, көбею тәсілі. Қоректену тәсілі бойынша тоғышар, жартылай тоғышар және тоғышар емес арамшөптерді ажыратады. Тіршілігінің ұзақтығы бойынша 2 топқа бөлінеді: біржылдықтар, көпжылдықтар. Біржылдықтар тіршілік үрдісі 1 жылдан 2 жылға дейін созылады. Олардың өскіндерінің пайда болуы және өсіп даму кезеңдерінің ұзақтығына қарай бұлар эфемерлер, жаздың ерте, жаздық кеш, қыстаушылар, күздік және екі жылдықтар деп бөлінеді.
ЭФЕМЕРЛЕРГЕ өсу даму кезеңдері өте қысқа (1,5-2 ай) өсімдіктер жатады. Бір маусымда олар бірнеше ұрпақ бере алады (жұлдызшөп, у таспа, сеппе көкнәр). Жаздық ерте арамшөптер көктемде ерте көктейді және жинағаннан кейін немесе солармен бір мезгілде пісіп жетіледі. Осы топтың ішіндегі ең зияндысы — қара сұлы. Бұдан басқа өкілдері ақ алабұта, кенеп шөп, қара құмық, жабайы шомыр, дала қышасы. Жаздық кеш пісетіндер топырақ әбден жылыған (10-12°С) кезде көктейді. Мәдени дақылдармен бір мезгілде пісіп жетіледі. Негізгі өкілдері — кәдімгі гүлтәжі, арам кенепшөп, мысық құйрық, итқонақ, т.б. Қыстайын арамшөптер. Бұлардың дамуы жаздық, сондай-ақ күздік түрде өте алады, көктемгі өскіндері жаздық сияқты дамиды, яғни күзде жеміс береді, сосын солады. Кеш шыққан өскіндері кез келген кезеңінде қыстап шығады да, келесі жылы өсіп-дамуын жалғастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет