7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері



бет25/26
Дата20.10.2022
өлшемі210,6 Kb.
#154012
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
лекция-7

Мал азықтық тарна.Тарна айқыш гүлдер түқымдассына жататын екі жылдық салқын әрі ылғалды климаттың өсімдігі. Тұқымы 2-3° жылылықта өне бастайды, жоғары температуралар (+30-40°) оның есіп-дамуына теріс әсер етеді. Ылғалды айтарлықтай қажетсінбейді, қуаңшылық аудандарда тарна нашар өседі. Ең жақсы топырақтар-саздақ топырақтар. Солтүстік Қазақстан аудандарында сенімді өнімді суармалы жағдайда алуға болады. Өсіру технологиясы жоғарыда қарастырған қызылша технологиясына ұқсас.Қазақстанда аудандастыруға жіберілген мал азықтық тарнаның сорты: Куузику.
2.Турнепс. Турнепс-айқыш гүлдер тұқымдас екі жылдық өсімдік.Тұқымдары 2°-3°жылылықта өне бастайды, егін көгі -3,5°бозқырауға төтеп береді.Өсімдігі ылғал сүйгіш және барлық тамыр жемістердің ішінде ең ерте пісетін дақыл.Қазақстанда аудандастыруға жіберілген сорты: Остерзунд-донский.
3.Мал азықтық сәбіз.Мал азықтық сәбіз В тобындағы витаминдер мен каротин мөлшері бойынша (80 мг/кг)турнепс, тарна, қызылшадан асып түседі. 100 кгтамырда 13-14 а.ө. және 0,4 кгсіңімді протеин бар. Мал азықтық сәбіз жоғары өнімді дақыл (200-300 ц/га тамыр жеміс береді), оны Солтустік Қазақстанның барлық облыстарында өсіруге болады.
Мал азықтық сәбіз шатырша гүлдер тұқымдасына жататын екі жылдық өсімдік. Тіршілігінің бірінші жылында тамыр түбірі жапырақтарының дегелеңі (бірнеше есе тілгіленген қауырсын жапырақты) және конус ішінде тамыр жеміс дамиды. Сортына байланысты тамыржеміс сары, ақ, қызыл түсті болып келеді, сабағы гүл шоғырымен күрдегі шатыр қурайды. Тамыр жемістің тамыр бөлігіндегі бүйір тамырлары төрт қатарға орналасқан 1000 түксіз тұқымның массасы 1,2-1,3 г, түктілерінікі-1,8-2,0 г.
Биологиялық ерекшеліктері. Мал азықтық сәбіз-суыққа төзімді өсімдік. Ылғалы жақсы топырақтарда тұқымы Зс'-4° жылылықта өне бастайды, жаппай көктеуі +18-20° темпера-турада жүреді. Сәбіздің көгі -4-6° көктемгі бозқырауға төтеп береді, күзде-4°бозқырауды көтереді.
Басқа тамыр жемістілерге қарағанда сәбіз құрғақшылыққа төзімді, алайда ылғалдану мен суаруды жақсы қажетсінеді. Ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі-себу-көктеу және тамыр жемістің жуандау мерзімі қуаңшылықтан кейінгі мол жауын-шашын немесе ұзақ кідірістен кейін суарғанда тамыржеміс қарқынды өседі және жарылады, ал бұл тамыр жемістің сақталуын қиындатады.
Қызылшамен салыстырғанда сәбіздің топыраққа талғамы аздау, ол жеңіл құмдақ топырақтарда өсе алады, жоғары өнімді қалыптастыратыны қолайлы жағдайлар борпылдақ, саздақ, арамшөптерден таза ойпаң жерлерде құралады. Тығыз ауыр топырақтарда ұсақ, бұратылып, тармақталып өскен тамыр жемістер алынады. Сәбізге батпақтанған және сортаң топырақтар мүлде жарамайды. Сәбіз топырақ құнарлығына үлкен талап қояды. Тыңайтқыш енгізуді қажетсінеді. Әрбір 100 кг тамыржемісі топырақтан 35 кг азот, 15кгфосфор және 70 кг калий шығындайды. Мал азықтық сәбіздің өсіп-даму кезеңінің ұзақтығы бірінші жылы 110-150, екінші жылы 110-130 күнге созылады.
Қазақстанда аудандастыруға жіберілген сортгары: Мирзон,Красная288, Рогнада, Шантанэ2461.
Қазақстанда мал азығы негізінен табиғи жерлерден жəне егістіктен өндіріледі. Табиғи шабындықтар мен жайылымдар көлемі республика бойынша 180 млн гектардай, олар барлық аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерден қарапайым жақсарту жұмыстарын жүргізіп, тиімді пайдаланған жағдайда арзан да сапалы мал азығын алуға болады. Шалғындықтарды жақсарту технологиясы күрделі емес, оны əр шаруашылық өздері жүргізе алады. Ол үшін көп қаражат та жұмсалмайды. Қазіргі кезде шет елдерде жəне республиканың алдыңғы қатарлы шаруашылықтарында өндіріске тиімділігі жоғары мəдени жайылымдар мен шабындықтар енгізіліп жатыр. Мəдени жайылымдар əсіресе, сауын сиырлар үшін өте тиімді. Оны жылдың жылы мезгілдерінде ұзақ пайдаланып, көк шөптің жоғары өнімін алу арқылы сауын сиырларының сүттілігін айтарлықтай көтеруге болады. Мұндай жайылымдар мал төлдерін бағуға да тиімді. Егістікте мал азықтық дақылдарды өсіріп дəрумен-протеин мөлшері тепе-тендікте болатын сапалы мал азықтарын дайындау жұмыстары да ауыл шаруашылығы мамандарының алдында тұрған негізгі міндеттері. Кезінде (1990 ж) егістікте 10 млн гектардай мал азықтық дақылдар өсірілсе, қазір оның көлемі 2,7 млн гектардан аспайды (2007ж.). Егістікте негізінен мал шаруашылығы өнімін көтеруде аса қажетті сүрлемдік, жемдік дақылдар, пішеннің жəне көк шөптің қоректілігін көтеретін бұршақ тұқымдастар өсіріледі. Сонымен қатар, ферма жанындағы егістіктерде сүрлем жəне басқадай құнарлы азықтар дайындайтын əдеттен тыс жаңа мал азықтық өсімдіктер өсіріледі. Мал өнімінің сапасын көтеруде мұндай мал азығының ролі өте жоғары. Соңғы жылдары көпшілік аймақтарда астық егістігінен шығарылған тыңайған жерлер көптеп кездеседі (республика бойынша 18-20 млн га). Келешекте міне, осы жерлерді мал азықтық дақылдар, бір жылдық жəне көпжылдық шөптер себуге игерсе, барлық аймақтарда мал азығы проблемалары шешілер еді. Мұндай жұмыстар бір жағынан республикада нашарлап кеткен экологиялық жағдайларды жақсартуға да үлкен əсерін тигізетіні сөзсіз. Мал азығында кездесетін витаминдер органикалық заттар тобына жатады. Витаминдер аз мөлшерде мал организміне биологиялық белсенді зат ретінде өте қажет. Егер олар мал азығында болмаған жағдайда малдың өнім беруі азайып зат алмасу процесі бұзылады жəне мал өнімінің (сүт, ет, жұмыртқа, т.б.) сапасы төмендейді. Кейбір жағдайларда витаминнің жетіспеуінен малдар авитаминоз ауруына шалдығуы мүмкін (цинға, рахит, т.б.). Барлық витаминдер латын алфавитімен белгіленеді (А, В, С, Д, Е). Мал шаруашылығында пайдаланатын мал азықтары бірнеше топтарға бөлінеді: 1. Ірі азықтар (пішен, пішендеме, сабан); 2. Көк азықтар (көк балауса, жайылымдық мал азықтары); 3. Шырынды да өндіріс қалдықтары). 7 Қазіргі кезде қолданылып жүрген мал азықтарының 95% астамы табиғи шалғындықтардан жəне егістікте өсірілетін өсімдіктерден алынады. Мал азығының негізгі бөлігі жайылымнан жəне шабындықтан (қысқы мал азығы) жиналады. Сол себепті оның сапасына жəне малға керекті витаминдермен қамтамасыз етілуіне көп көңіл бөлінуі тиісті. Егістікте мынадай мал азықтық дақылдар өсіріледі: 1. Көпжылдық астық тұқымдас шөптер; 2. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер; 3. Біржылдық астық тұқымдас шөптер; 4. Біржылдық бұршақ тұқымдас шөптер; 5. Сүрлемдік дақылдар; 6. Жемдік астық дақылдары; 7. Мал азықтық тамыр жемістілері; 8. Мал азықтық бақша дақылдары. Бұдан басқа соңғы уақытта кейбір шаруашылықтарда өнімі жəне сапасы жағынан жоғары жаңа, əдеттен тыс мал азықтық дақылдар енгізіліп өсіріле бастады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет