7 тақырып. Егін шаруашылығының нақты жүйесінің негіздері


Шаруашылықтың мелиоративтік жағдайы



бет18/26
Дата20.10.2022
өлшемі210,6 Kb.
#154012
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
лекция-7

Шаруашылықтың мелиоративтік жағдайы Жерді мелиорациялау гидротехникалық жəне культуртехникалық жұмыстардан, топырақтың су жəне сорланған, жел эрозиясымен күресуден, ащы топырақтарды əкетуден, агромелирациялық жəне басқа шаралардан тұрады. Бұлардың негізгісі гидротехникалық мелиорация ( суару, суландыру жəне құрғату ) жəне культур техникалық шаралар ( жерді бутақтардан тазарту, түптерін тамырлардан жұлу, төмпешіктерді тегістеу, тастарды жинап алу жəне алғашқы рет баспау ) болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы шаруашылықтардың бүгінгі таңда мелиоративтік жұмыстарға даярлығы өте жақсы деуге болады. Өйткені іс – тəжірибе барысында біз гидротехникалық жəне культуртехникалық мелиорацияларының қолға алынғанын аңғардық. Яғни нақты айтқанда, шаруашылықтар жердің бойындағы су режимін реттеп, былайша айтқанда ылғалдылығы жетіспейтін топрақты қолдан суғару, немесе ылғалдылығы тыс топырақты құрғату жұмыстарына ерекше мəн берілген екен. Ауыл шаруашылық дақылдарынан мол жəне тұрақты өнім алу үшін егіс белгілі тəртіпте қолдан сұрыпталып, топырақ ылғалдылығы қажетті мөлшерге дейін жеткізілуге тиісті. Шөл жəне шөлейт аймақтарда (Оңтүстік Қазақстан облысы аймақтары ) ауыл шаруашлығын одан əрі дамыту суармалы егістер ұйымдастыру негізінде ғана мүмкін болады. Ал қуаң аймақтарда жер суару тиімді пайдаланудың арқасында оларды гүлденген аймақтарға, айналдырып елімізде мақта, күріш, жеміс жəне тағы басқа ауыл шаруашылық дақылдарының мол өнім алуға мүмкіншілік туады. Ал енді далаңқы аудандарда жауын – шашынның жеткіліксіз жəне жыл бойы өте құбылмалы болуының салдарынан ауыл шаруашылық дақылдарының өнімі тұрақсыз болады. Сондықтан, бұл жағдай аймақтарда жыл сайын дəнді, техникалық жəне мал азығы дақылдары мен Егісті суару тек оңтүстік топырақ дымқылдығы құбылмалы аудандурда ғана тиімді болып ғана қоймай, сондай – ақ дымқылдығы артық аймақтарда да өте тиімді. Ауыл шаруашылық өндірісіне қолайлы гидрогеологиялық жағдай туғызу, яғни судың ауыл шаруашылық өндірісіне қажетті мөлшерде реттеу гидротехникалық мелиорацияның міндеті екені белгілі. Ол үшін гидромелиоративтік жүйелер салынады. Олар суғару, құрғату, суландыру, құрғату – суғару жəне суландыру – суғару жүйелері болып бөлінеді. Суғару жүйелері су шаруашылығының емес, суғармалы егіншілік гидромелиоративтік элементі немесе негізі болып табылады. Суғару жүйелерінің суғармалы егіншілікке қажеттілігімен маңыздылығы адам өміріндегі қан тамырлар жүйесінің орны жəне маңызымен салыстыруға болады. Қазақстанда əр түрлі суғару жүйелерімен 2,3 млн-ға суғармалы егістік жерлері қамтылған. Оның ішінде суландыру – суғару жүйелері де бар. Бұл суғармалы егіншілікпен қатар, ауыл шаруашылығының басқа да су пайдаланушыларына соның ішінде мал шаруашылығына қызмет көрсетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет