74. Сыныптан тыс музыкалық ұжымдық жұмыстар



Дата09.05.2020
өлшемі73,98 Kb.
#66764
Байланысты:
74 сұрақ


74. Сыныптан тыс музыкалық ұжымдық жұмыстар.

Сыныптан тыс жүргізілетін түрлі музыкалық тәрбие жұмыстарын үлкен екі салаға бөлуге болады.

1.Оқушылармен жаппай өткзілетін музыкалық тәрбие.


  1. Үйірме түрінде өткізілетін музыкалық жұмыстар.

Оқушылармен жаппай өткізілетін музыкалық тәрбие беру жұмыстары балалардың білімділігіне байланысты. Арнайы дағдыны талап етпеседе, олардың музыканы білуге деген ықыласы болукерек. Бұл салаға лекция-концерт, көпшілікпен бірге театрға, музыкалық киноларға бару, музыкалық кештерді ұйымдастыру, жүргізу, корнавалдар, конкурстар, байқаларды өткізу кіреді. Мектептегі музыка мұғалімі өз сабағында білім беру мен шектелетін білікті маман ғана емес музыкалық тағлымдық жұмыстарды жүргізуші, мерекелік кештерде, концерттерде, түрлі үйірмелерді ұйымдастырушы.

Сыныптан тыс ұйымдастырылатын жұмыстардың ішіндегі ең сүбелі сала танымдық, тағылымдық мәні зор лекция-концерттер ұйымдастыру.



Лекция-концерт оқушыларды өнердің сан қилы салаларымен, сазгер шығармашылығымен жеке аспапта оындаушы әнші күйшілердің өнер жолдарымен жеке таныстыруға мүмкіндік береді. Сондай ақ музыка сабағынан алған мағлұматтар мен тыңдаған музыкаларымен әрі қарай терең игеруге жағдай жасайды. Оқушыларға музыканы күйтабақ арқылы жиі тыңдату мүмкіндік бар жерде өнер қайраткерлерін шақырып ұйымдастырылған кездесу кештері осы бағыттағы өткізілетін лекция-концерттерге мектептегі өнер сүйгіш балалардың жиі тартып қатыстару музыка құдіретін жастай ұғынукға бала жүрегінің нәзік те сыршыл және мейірімді болып қалыптасуына ықпалын тигізеді. Бұл жерде лектор шеберлігіне тоқталмай кетуге болмайды. Қандай тақырып болмасын оның тыңдаушыларға нәзік сезіммен, әдемі мақаммен, өте дәмді де тартымды жеткізе білу-лектордан өте білімділікті, тапқырлықты талап етеді. міне сондықтанда болашақ музыка мұғалімінің иниститут қабырғасында жүрген кезден ақ бұл өнерге дайындаудың маңызы зор.

Лекция-концерттің құрылысы, мазмұны, өткізу формасы тыңдаушыларға олардың дайындық деңгейіне білім беретін мектептерді алатын болсақ онда ол тікелей балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты болуы тиіс. Әдетте бірнеше сыныптың оқушыларын біріктіріп өткізуге болады. Әрине тақырыпқа орай тыңдаушылар жас ерекшеліктеріне қарап шақырылады: Мысалы: 1-2 сыныптар, 5-6 сыныптар, 10-11 сыныптар т.б.

Лекция-концерт жүргізуші өздерінің жүргізетін тақырыптарын жақсы біліп қана қоймай сахынада өзін -өзі ұстау шеберлігіне дұрыс сөйлей білуге жаттығуы тиіс. Лекция-концерттерді өткзуге әртүрлі мазмұнда тақырыптарды алуға болады. Ол тақырыптар оқушыларға немесе жалпы тыңдаушыларға түсінікті болу керек. Одан өзге әр аспаптың шығу тарихы өзіне тән ерекшелігі, белгілі бір музыкалық жанрдың дамуы, музыкалық бейнелеу және мәнерлеу мүмкіндігі, музыка тілі т.б. тақырыптарды алуға болады.

Мектепте сыныптан тыс жұмыстардың спецификасы: үйірмелер (хор, оркестр, ансамбльдер), жаппай көпшілік (массовой) формалары, мерекелер, мәдени тынығу.Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеті оқушылардың көпшілік мәдени қарым-қатынасын қалыптастыру.

«Мектептердің міндеті – мектеп оқушыларының сыныптан тыс уақытын жай ғана өткізумен ғана емес, қайта әрбір бос сағатын өзінің жеке басы үшін, сондай –ақ қоғам үшін пайдалы болатындай етіп өткізуге үйрету болып табылады. Соңғы жылдары сыныптан тыс жұмыстар айтарлықтай жақсарып келеді. Көптеген мектептерде өлкеге арнаулы музейлер, әртүрлі залдар мен бөлмелер құрылды. Әрбір оқушы мұндай өлкетану музейлеріне өлкелердің, облыстардың, қалалық пен селолардың тарихы жөніндегі қызықты да бағалы материалдарды жинайды. Бұл мектептерден оқушыларға арналған сыныптан тыс жұмыстардың қалай жүргізілуін үйренуге болады. Жас ұрпақтың музыкалық тәрбиесін қазақтың халықтық педагогикасын пайдалану арқылы жаңа деңгейге көтерудің бір тиімді жолы – факультативті курстардың қызметін жандандыру.

Факультативтік жұмыстың негізгі мақсаты–мектеп оқушылысының бойында қайсібір оқу пәніне қалыптасқан қызығушылығын тереңдете түсу. Осыған байланысты ғылымның немесе өнердің белгілі бір саласындағы танымға саналы қажеттілік пайда болатын оқушылардың белгілі бір бөлігінде сапалы қажеттілік туады. өзінің мазмұны жағынан, факультативтік жұмыс оқушылардың балалар мен жеткіншектерге тән мүдделері бойынша үйірмелер, студиялар және тағы басқа секілді қызмет түрлерін дамытады. Көптеген жоғары сынып оқушылары факультативтердегі өзінің сабақтарын одан әрі білім алу, кәсіпке ие болу, өз қабілеттерін жетілдіру үмітімен және жоспарларымен байланыстырып жатады. Мұндай факультативтік курстарды әсіресе, қазақ ұлттық өнер саласынан, мысалы, айтыс, әншілік, шешендік, жыр – терме және тағы басқа өнерлерге ұйцымдастырған жөн.



Бұл мәселені шешу үшін біріншіден, педагогикалық талаптарды ескере отырып тұжырымды бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар жасау қажет. Мұның өзі оқушылардың, ұлттық – өнердің таңдау үлгілерін терең әрі мазмұнды меңгеріп, музыкалық білімдерін қалыпчтастыруға жәрдемдеседі.

Екіншіден, оқу материалдарына зәру болып жүрген мұғалімдерге бұл мәселені дұрыс жүзеге асыруда көмектесіп, бағыт – бағдар береді.

Үшіншіден, өнердің белгілі бір саласына жасалған мұндай дидактикалық кешен, ұлттық – мәдени дәстүруді тез меңгеруге септігін тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет