2.1827 жылы ағылшын ғалымы Р.Броун тәжірибе жүзінде молекулалардың үздіксіз әрі ретсіз
қозғалыста болатынын дәлелдеді. Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтықтардағы ретсіз әрі үздіксіз
қозғалуы броундық қозғалыс деп аталады.Бөлшектердің броундық қозғалысы атомдар мен
молекулалардың бейберекет үздіксіз қозғалысының салдары болып табылады.
3.Қазіргі кезде молекулалар мен атомдарды үлкейтіп көрсететін электрондық жіне сканерлік
зондтық микроскоптар мен иондық проекторлар бар.
4. Қазіргі кезде зат құрылысының молекулалы-кинетикалық теориясы жасалды. Зат
құрылысының МКТ негізгі қағидаларын М.Ломоносов енгізді: 1.Барлық заттар өте ұсақ
бөлшектерден – молекулалар мен атомдардан тұрады.2.Молекулалар мен атомдар үздіксіз ретсіз
қозғалыста болады.3.Молекулалар мен атомдар өзара әрекеттеседі.
5.Кез келген атом үш түрлі элементар бөлшектердің жиынынан тұрады. Оларды электрон,протон
және нейтрон деп атайды. Электрон мен протон зарядталған бөлшектер. Олардың зарядтары
бірдей, бірақ таңбалары қарама-қарсы.Нейтрондың заряды жоқ.Нейтрондарда электр зарядтары
сезілмейді.Протон мен нейтронның массалары бір-біріне шамалас.Протонның массасы электрон
массасынан 1836 есе үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: |