5 мин
|
Кіріспе
|
Сәлемдесу.
Үй тапсырмасын пысықтау
Cұрақтар:
- Химиялық байланыстың нәтижесінде қандай бөлшектер мен кристалдық торлар түзіледі?
- Коваленттік байланыс пен иондық байланыстың түзілуінде қандай ұқсастық бар?
- Органикалық қосылыстардағы сутектік байланыстың түзілу механизмін түсіндіріңдер;
- Этил спирті суда ерігенде жылу бөлініп, екі сұйықтықтың жалпы көлемі неге кішірейеді?
Жауап берген оқушылар жетондармен ынталандырылады.
|
Сұрақтарға жауап береді.
|
Сұрақтарға жауап берген оқушылар жетондармен ынталандырылады
|
жетондар
|
10 мин
|
Таныс тырылым
|
Топқа бөлу. Химиялық заттарды таңдаймыз
Нұсқау: Оқушылар өздері ұнатқан химиялық заттарды таңдап, топқа бөлінеді. Химиялық заттар: сутек, көміртек, оттек, азот.
Миға шабуыл. Ағзалық заттар
Қандай ағзалық заттарды білесіңдер?
Өсімдіктерде кездесетін ағзалық заттарға мысалдар келтіріңдер?
Көмірсутектердің табиғи көздеріне нелер жатады?
|
Оқушылар химиялық заттарды санаттарына байланысты топтарға бөлінеді
Сұрақтарға байланысты оқушылар өз ойларын айтады.
|
Сұрақтарға жауап берген оқушылар жетондармен ынталандырылады
|
Химиялық заттар жазылған стикерлер
|
25 мин
|
Негізгі бөлім
|
«Айналмалы бекеттер» әдісі.
Нұсқау: Әр топты өз бекетінің жанына орналастырыңыз. Оларға талас тудыратын проблеманы талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін 10 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар кабинеттегі жаңа бекеттерге көшеді, ол бекетте бұған дейін болған топтардың идеяларын негізге ала отырып, талқылауды жалғастырады. Барлық топтар бекеттердің барлығын өтіп, өзге топтардың түсініктемелерін қарастырып болғанша әр 2 минут сайын топтар бекеттерін ауыстырып отырады.
(Ақпарат көзі
«Арасындағы айырмашылығы» бағалау техникасы
Нұсқау: Арасындағы айырмашылығы... Неге? ... болып табылады, ал....
Қосымша сұрақтар:
-Органикалық заттарға қандай заттар жатады?
-Органикалық химия нені зерттейді?
-Органикалық заттардың құрамындағы көміртек атомдары өзара қалай байланысады?
-Органикалық заттар санының өте көп болуын қалай түсіндіруге болады?
- Органикалық заттардың бейорганикалық заттардан қандай айырмашылықтары бар?
-Органикалық зат құрамына қандай элемент атомдары кіреді?
|
Мұғалімнің нұсқауы бойынша органикалық химия, көміртегі атомы құрылысының ерекшелігі, гибридтену, органикалық қосылыстардағы химиялық байланыстың электрондық табиғаты мен сипаттамасы туралы білімді оқулықтан оқып үйреніп, кеңесіп, өз ойларын толықтырады
Берілген заттарға нұсқауға сәйкес жауап береді. Сұрақтарға жауап береді.
|
«Арасындағы айырмашылығы!» бағалау техникасы
|
Оқулық, А4 формат, маркер
|