Байланысты: 4 -1 дәріс. Керамикалық материалдары мен бұйымдары
Ішкі өңдеулік бұйымдар. Бұлар: қабырғалық жəне едендік
болып екі түрге бөлінеді. Ішкі қабырғалық тыстаулық плиткалар
көбінесе ылғалдылығы жоғары жайларды (монша, ванна, дəретхана,
кір жуатын үй, (лабораториялар, т.б.) өңдеу үшін қолданылады.
Ішкі қабырғалық тыстаулық плиткаларды көбінесе кəдімгі оңай
балқитын балшықтарға 20% бор қосып жасайды. Бұлар бет жағынаглазурь жабылғаннан соң тағы бір рет күйдіріледі. Бұлардың фаянс
плиткалары деп аталатын түрі, отқа төзімді балшықтарға кварцті құм
жəне дала шпаты қосылған қоспалардан өндіріледі. Бұл плиткалар
бірақ рет күйдіріледі, өйткені олардың бетіне глазурь күйдірер
алдында жағылады. Ішкі қабырғалық плиткаларды – престеу жəне құю
əдістерімен қалыптайды. Престеу əдісі бойынша массаны əбден
араластырғаннан кейін болаттан жасалынған пресс-қалыпқа салып,
қысымды бір шаршы сантиметрге 140-160 кг-ға дейін жеткізеді.
Қалыпталған плиткалардың бетіне глазурь массасын жағып, одан кейін
пеште күйдіреді. Плиткалардың глазурь жақпайтын астыңғы жағын
бұдырлы етіп жасайды. Сондықтан олар цементті құрылыс ерітінділері
арқылы қабырғамен берік байланысып тұрады. Бұл əдіспен істелінген
плиткалардың өлшемдері құю əдісімен жасалатындардікінен үлкенірек,
пішіндері шаршы (150х150 мм) жəне тік бұрышты (150х100 мм жəне
150х75 мм), əр қалыңдығы 6 мм-ден аспайды, түрлері əр түсті (ақ,
көгілдір, жасыл, т.б.) болып келеді. Құю əдісімен қалыптанған
плиткалардың өлшемдері кішірек, пішіндері шаршы (50х50 мм) жəне
тік бұрышты (25 х 100 мм, т.б.), ал қалыңдығы 2-3 мм.Едендік плиткалар шаршы, тік жəне үшбұрышты, алты жəне сегізқырлы, қалыңдығы 10-13 мм, ал қырларының өлшемдері 50-150мм. Плиткалардың астыңғы беті бұдырлы етіліп жасалынады. Алмонша, кір жуатын орын, т.б. ылғалды жерде қолданылатынплиткалардың екі жағы да бұдырлы болады. Бұл плиткалар баяу балқитынжəне отқа төзімді балшықтардан, оларды үш əдістің қайсысымен болсынқалыптау, онан соң кептіру жəне толық пісуіне шейін күйдіру арқылыөндіреді. Мысалы, бұл плиткаларды престеу əдісімен балшық массаны біршаршы сантиметрге 250-300 кг келетін қысымда қалыптап, одан кейін 3%ылғалдылыққа дейін кептірген соң, 1200…1300оС-та күйдіру арқылыалады. Еденге төсеу үшін жоғарыда көрсетліген плиткалардан басқа,
мозаикалық – формасы шаршы немесе тік бұрышты көлемдері кішкене:
23 жəне 48 мм, қалыңдығы 6 жəне 8 мм плиткалар да қолданылады. Бұлар
да жоғарыда келтірілген қасбеттік тыстамалық, кілемдік керамика сияқты,
берік қағазға желімдеумен өрнектеп, кілемдер құрау жəне оларды
цементті құрылыс ерітінділерімен еденге бекіту арқылы төселінеді. Əр
кілем өлшемі 389х598 мм, ал жеке плиткалар арасындағы жіктердің
қалыңдығы 2 мм.
Керамикалық еден плиткалары су өткізбейді, шаң шығармайды,
оңай жуылады, сұйық заттарды бойына тартпайды (сіңірмейді),
қышқылдар мен сілтілерге, үйкеліске төзімді.