15 Аксиоматикалық теорияның А аксиомасы қай уақытта қалғандарынан тәуелсіз деп аталады?
Айталық А1 , А2 , ... , Аn - берілген аксиоматикалық теорияның аксиомаларының жүйесі болсын.
Анықтама. Егер А1 аксиомасын қалған А2 , ... , Аn аксиомаларынан алуға (қорытып шығаруға) болмаса, онда А1 аксиомасы қалған аксиомалардан тәуелсіз (байланыссыз) деп аталады.
16 Аксиоматикалық теорияның А аксиомасының қалғандарынан тәуелсіздігін қалай дәлелдейді?
Берілген теорияның аксиомалары жүйесінің тәуелсіздігін дәлелдеу үшін әрбір аксиоманың тәуелсіздігін дәлелдейді.
Ал бір аксиоманың , мысалы А1 аксиомасының, қалғандарынан тәуелсіздігін дәлелдеу үшін сол А1 аксиомасы орындалмайтындай ал қалған аксиомалар орындалатындай модель құрады.
Достарыңызбен бөлісу: |