2. Сынып жетекшісінің негізгі қызметі мен міндеттері және сынып жетекшісі жұмысының мазмұны. Басты міндетті шешу үшін, сынып жетекшісі оқушыларды зерттеп, оларды жақсы білуі керек.
К.Д. Ушинский “Адам - тәрбие нысанасы ” – деген еңбегінде былай деп жазды: “Егер педагогика адамды жан – жақты етіп тәрбиелегісі келсе, онда педагогика ең алдымен сол адамды барлық жағынан білуі керек”.
Сынып жетекшісі жеке шәкірттер жайлы мынадай мәліметтерді білуі қажет:
А) Баланың денсаулығы;
Ә) Отбасындағы баланың өмірі мен тұрмыс жағдайы;
Б) Баланың ішкі жан дүниесі, рухани байлығы;
В) Мінез – құлқын, темпераментін, қабілетін, қызығушылығын, еркін, зейін т.б. психологиялық ерекшеліктерін;
Г) Үлкендермен, кішілермен, ата – анасымен, жолдас – жораларымен қарым – қатынасы;
Д) Морльдық бейнесін, адамгершілік қасиеттерін;
Е) Еңбекке көзқарасы;
Ж) Эстиетикалық талғамдарын, қызығуларын, өнерге, әдебиетке дем қоятындығы;
З) Интеллектуалдық дамуын;
И) Саяси сауаттылығын;
Сынып жетекшісі оқушыларды зеттеп, білуде әртүрлі тәсілдерді қолданады:
А) Бақылау тәсілі (сабақта, сенбіліктерде, сыныптан тыс жұмыстарда);
Ә) Әңгімелесу тәсілі (пән мұғалімдерімен, дәрігермен, ата – аналармен,
кітапханашымен, оқушылардың жолдастарымен, өзімен);
Б) Анкеталарды толтыру тәсілі;
В) құжаттармен танысу (оқушының жеке ісімен, күнделігімен, үлгерім
журналымен);
Г) Оқушының шығармашылық жұмысымен танысу тәсілі (шығарма, сурет);
Д) Табиғи экспиримент;
Сынып жетекшісі отбасымен жиі қарым – қатынас жасайды, ол ата – аналарға балалардың оқу - жұмыстарытуралы мәлімдеп отырулары керек.
Сынып жетекшісі ата – аналармен мынандай жұмыстар жүргізулері тиіс:
А) оқушының отбасына барып тұру, отбасы дағдайын зерттеу;
Ә) Ата – аналарды мектепке шақыру, жеке әңгімелесу ата – аналармен хат алысу, ата – аналар жиналысы;
Б) Сұрақ – жауап кештері;
В) Ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру;
Г) Ашық есік күндері;
Д) Пікірталастар;
Е) Ата – аналар комитетімен жұмыс жүргізу т.б.