8-сыныпқа арналған тест сұрақтары Салалас құрмалас сөйлем түрін анықтаңыз


Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз



бет2/4
Дата03.04.2024
өлшемі120,5 Kb.
#200485
1   2   3   4
Байланысты:
8-сыныпқа арналған тест сұрақтары
khisamutdinova yu r -text 1
1.Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде, бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. В) Өлең, жыр- қазақтардың жан серігі. С) Осылар арасынан шыққан Базаралы болса, ол әрі сымбатты, әрі шешен жүйрік. Д) Бұл қазақ нені бастан кешпеді, қазақ болғалы. Е) Байлық пен бақ – сенімді серігің, балаң – артыңда қалған ізің.
2.Себеп-салдар салаласты табыңыз.  А) Молда маған орын нұсқаған соң, Оразәлі мен оның қасындағы бала араларын аша берді. В) Байжекең суырдың інін тереңдетіп қазып көрсе, ар жағы сіресіп жатқан тас көмір екен. С) Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады. Д) Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп. Е) Байқағам жоқ, сондықтан кінәлі емен.
3.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Таным-түсініктің дұрыс қалыптасуы – мәдениеттіліктің кепілі. В) Ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: әуелі- ел басы, топ басы деген кісілер болады екен, екіншісі- намысқор келеді екен. С) Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады. Д) Ер деп атақ кім берер, алмас семсер асынбай. Е) Одан әрі олар сөйлескен жоқ: әңгімеге уақытта қалмады.
4. Қазақ тілінде құрмалас сөйлемнің неше түрі бар. А) 3 В)5 С)6 Д)2 Е) 7.
5.Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем қандай шылаулар арқылы жасалады? А) сол, сондықтан, соншама; В) бірақ, алайда, дегенмен; С) да, де, та, те, және, әрі; Д) бірде, біресе, кейде; Е) не, немесе, әлде, я;
6.Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Үйде оны бәрі де тамаққа күтті, бірақ Әсия өте жай келді. В) Қазақ отбасында әкені сыйлауға үлкен мән беріледі де, бала әкесін сыйлап өседі. С) Жақсы бала әке-шешесін қуантады. Д) Дала тым-тырыс. Е) Көктем. Таңғы самал.
7. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемнің шылаулары қандай? А) да, де, та, те, және, әрі; В)не, немесе, әлде, я; С) бірде, біресе, кейде; Д)бірақ, алайда, дегенмен, сонда да; Е) сол, сондықтан, соншама;
8. Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. А) Бата-біреуге жақсы тілек білдіру үшін айтылатын сөз. В) Бата отбасының бақытты болуына ықпал етеді. С) Арман үйде ойнап жүр еді. Д) Абай- қазақ халқының ұлы тұлғасы. Е)Батаны не жасы үлкен адам береді, не құрметті кісі береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет