Кәрібаев Б. Қазақ хандары. - Алматы: Сардар, 2015. - 128 б. Қазақша, орысша, ағылшынша.
Қазақ хандығы дәуірінде бірнеше ғасыр бойы ел басқарған, ел тарихында өзіндік орны мен маңызы бар тұлғалар - хандар. Хандар тарихы арқылы сол дәуірдегі мемлекетіміздің тарихын терең білуге болады. Осы кітапта хандық дәуірдің біртұтас кезеңінде таққа отырып, ел билеген он жеті ханды калың жұртшылыққа таныстыру мақсатында олардың билік кұрған жылдары мен жүргізген саясаты, қазақ тарихында алатын орны туралы баяндалады. Кітап жалпы оқырманға арналған.
Шәріпов Қ. Қаруластар. Деректі хикаяттар. - Алматы: “Қазақстан” баспа үйі”, 2015. - 320 б.
«Қаруластар» - майдангер журналист Қасым Шәріповтің көп жылдар бойы ойланып, толғанып жазған соңғы кітабы. Кітаптың атынан да көрініп тұрғандай, негізгі кейіпкерлер автордың өзі білетін, кешегі Отан соғысының сұрапыл күндерінде оқ пен оттың арасында ыстық-суықты бірге көрген қаруластары, Жеңістің солдаттары. Кітап көпшілік оқырманға арналған.
Сыздықов С. Қарқаралы - Қазылық Ғылыми-танымдық кітап. Астана: Фолиант 2015, 304 бет.
Кітапта автордың Қарқаралы атауының қалыптасуы мен этимологиялық мәселелері және сол өңірді көне дәуірден бері мекен етіп, кейін қазақ халқының қалыптасу үрдісіне ықпал еткен түркі ру-тайпалары туралы зерттеулерінің нәтижелері баяндалған. Қарқаралы - Алаш қозғалысының бастау алған алтын бесігі ретінде қарастырылып, Мәңгілік Елдің тұлғалары мен мәдени мұралары туралы автордың ғылыми мақалалары енгізілген. Сонымен қатар оқырман қауымын Қарқаралы өңірі туралы деректік мәліметтермен толығырақ таныстыру мақсатында кітапта мұрағаттар қорындағы құжаттар, халықтың тарихи жырлары мен ауызекі аңыз-әңгімелері және кейбір жекелеген авторлардың қызықты мақалалары орын алған.
Ұсынылған еңбекте өлке тарихы түркі әлемінің құрамдас бір бөлігі ретінде, жалпы түркілік өркениет контексінде қарастырылады. Ғылыми танымдық тұрғыдан жазылған бұл кітап Мәңгілік Елдің ежелгі бір мекені - Қарқаралы өңірінің тарихы мен мәдениетін көпшілік оқырмандардың жете білуі және жас ұрпақтың патриоттық тәрбие алуы үшін ұсынылады.
Шәлекенов У. Ғылыми еңбектер. Үш томдық. Т.2: Орталық Азиядағы арийлердің өркениеті. - Алматы: Жібек жолы, 2015. - 600 б. + 16 қосарбет. Қазақ және орыс тілдерінде.
Белгілі археолог-ғалым, ҚР ¥ҒА құрметті академигі, тарих ғылымдарының докторы У.Х. Шәлекеновтың үш томдық ғылыми еңбектерінің екінші томына «Орталық Азиядағы арийлердің өркениеті» еңбегі еніп отыр.
Кітап әлем халықтарының тарихында әлі шешімін таба алмай келе жатқан өзекті мәселелердің бірі - арийлер этносына арналған. Кейінгі ғасырларда жиналған бай жазбалар мен артефактілер негізінде бұл мәселе жаңаша көзқараста сәулелендірілген. Зороастризм дінінің қасиетті кітабы Авестадан арийлер этносының пайда болып, дамыған орталығы Орталық Азия екендігін дәлелдейтін деректер келтіріле отырып, олардың табиғи-жағрапиялық өрбіген орталығы, мәдениеті, археологиялық ескерткіштері, этнологиялық наным-сенімдері, діни ұстанымы, жалпы рухани мәдениеті кеңінен талданып, ғылыми тұжырым жасалады. Бұл түркітектес халықтардың түп-тегі - арийлер тарихына кешенді көңіл бөлінген алғашқы ғылыми еңбек. Екінші томға сондай-ақ автордың қазақ халқының өркениеті туралы жарық көрген еңбегі де енген.
Кәрібаев Б. Қазақ хандығының құрылуы тарихы. - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2015. - 520 б.
Монографияда орта ғасырдағы қазақ халқының ұлттық сипаттағы мемлекеті - Қазақ хандығының құрылу тарихының мәселелері қарастырылған. Автор әр тілде жазылған көптеген ортағасырлық жазба дерек мәліметтеріне, түрік халықтары мен казақ халқының ауыз әдебиеті материалдарына сүйене отырып, Қазақ хандығының құрьлу тарихындағы күрделі мәселелерді жүйелі түрде тереңірек зерттейді. Қазақ халқының калыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының кұрылуы бір кезеңде жүзеге асқан тарихи үрдіс деп есептеп, Қазақ хандығының негізін қалаған тарихи тұлғалар - Керей мен Жәнібек хандардың тарихи рөлін ашып көрсетеді.
Монография қоғамтанушыларға, тарихшыларға, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне, магистрлеріне, докторанттарына және жалпы қазақ елінің тарихына қызығушылықпен қарайтын қалың оқырмандарға арналған.
Тілепов Ж. Тарих және әдебиет. Монография. Үш томдық шығармалар жинағы: 1-том. - Алматы: “Дәуір-Кітап” баспасы, 2015. - 344 б.
Белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Жұмат Тілеповтің үш томдық шығармалар жинағы - автордың «Тарих және әдебиет», «Елім деп еніреген ерлер жыры», «Қазақ поэзиясының тарихилығы», «XIV - XVIII ғасырлардағы қазақ халқының тарихы һәм жыраулар мұрасы», «Таным мен тағылым», «Ел мүддесі — ерлер еншісі», «Қазақ халқының хандық дәуір әдебиеті» секілді ғылыми монографиялары мен оқу құралдарының, сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті тарихы. 3-том», «XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті», «XIX ғасырдағы қазақ ақындары», «Бабалар сөзі. 65-том», т.б. іргелі еңбекгердегі зерттеулерінін негізінде қүрастырылған.
Бірінші томға ғалымның «Тарих жэне әдебиет (XIV - XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихилығы)» атты монографиясы беріліп отыр.
Көлбаев Т. «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!». - Алматы: «Асыл сөз» баспасы, 2015. - 384 б.
Қазақстан Республикасы Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Қазақ баспасөзіне сіңірген айрықша еңбегі үшін» дипломының иегері Тілеу Көлбаевтың «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» кітабында ел басына күн туған ауыр жылдарда қан майданда жаумен жағаласқан, тылда тынымсыз еңбек етіп, соғыс қиындықтарына төзе білген, Ұлы Жеңіске лайықты үлес қосқан Қазақстан еңбекшілерінің патриоттық істері жайлы сөз етіледі.
Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың майдан мен тылдағы ерен ерліктері ешқашан ұмытылмауы тиіс. Аға ұрпақтың ерлігі жастарға өшпес үлгі - өнеге болып қала береді. Қаһармандар ісін көпшілікке насихаттау, сөйтіп жас буынды патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу — қасиетті парыз.
Кітап мұрағат құжаттары мен уақыт сынынан өткен, жарияланған деректердің, соғыс пен тыл ардагерлерінің естеліктері негізінде жазылған. Сондай-ақ, автордын ғылыми басылымдар мен Республикалық баспасөзде жарық көрген мақалалары мен очерктері кітаптың негізгі арқауы болған.
Достарыңызбен бөлісу: |