85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі


Есенберлин І. Ілияс Есенберлиннің поэзиясы



бет7/22
Дата27.05.2018
өлшемі2,16 Mb.
#41017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22

Есенберлин І. Ілияс Есенберлиннің поэзиясы. Құраст.: Қ.Есенберлин. - Алматы: БПКА, 2015. - 288 б.

Халқымыздың біртуар азаматы, жазушы, драматург, оқырмандар жүрегінен өзінің тарихи шығармаларымен орын алған қара сөздің хас шебері, қазақ әдебиетіндегі кемеңгер тұлға І.Есенберлиннің поэзия жинағына «Намыс», «Айша», «Сұлтан» соғыс дастандары, «Қазақ қызы», «Біржан сал» сияқты өткен кезең дастандары мен ән текстері енген.





Латиева С. Туған жердің түтіні. - Алматы: «Сораба» қоғамдық қоры, 2015. - 368 б.

Ұсынылып отырған «Туған жердің түтіні» жинағына кіріп отырған «Наркескен», «Ең әдемісі - Жер», «Өнерге өктемдік жүрмейді» тағы басқаларының кейіпкерлері қазір айнала айқайлап жоқтап жүрген патриотизм, елді сүю деген ұғымды еңбегімен дәлелдеп жүрген адамдар.Кітаптағы деректі, керкем шағын шығармалар болсын, «Сахнаның падишасы» атты повесть-эссе болсын, дәл бүгінгі өнер жайлы, өмір жайлы ойланатын, ізденетін оқырманның талғамынан шығар деген ойдамыз






Ыбырайымұлы Ә. Мизам көк. Хикаяттар мен әңгімелер. - Астана: Фолиант, 2015. - 456 б.

Ұлттық сөз өнерінде өзіндік өрнегімен, айрықша қолтаңбасы мен танылған қаламгер, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, иегері. Ыбырайымұлының бұл жинағына бір топ таңдаулы әңгіме-хикаяттары топтастырылды. Құнарлы да шұрайлы тіл, көркем де келісті сурет-бояулармен кестеленген, өмірдің өзіндей шынайы, астарлы да тағылымды туындылардың, қай-қайсысы да өз оқырманын үйіре баурап, санасын сәулелендіреді, сезім қылын шертіп, көңіл пернесін дөп басады.





Жанұзақұлы Н. Бір ауыз сөзім - мың ділда. - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2015. – 256 б.

Нұрмұқан Жанұзақұлының «Бір ауыз сөзім - мың ділда» атты кітабы жаңа формада жазылған. Философиялық ой-пікірді қазақ ұлтының шешендік сөздері мен лирикалық көңіл-күй толғамы арқылы бейнелейді. Кітап 13 бөлімнен, 1500 қарасөзден құралған. Әр бөлімде өмір мен қоғамның алуан қырынан алынған ой тізбектері бір ауыз немесе бірнеше сөйлемге жинақталып, оқырманға ой салады. Жинаққа, сондай-ақ, автордың «Тұғыры биік, тұлғалы жыр» атты әдеби сын мақаласы да енгізілді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.




Есенберлин Ілияс. Ойлар, баяндамалар, күнделіктер, хаттар. Құраст.: Қ. Есенберлин, ауд. А.Дюсенбаев. - қазақша, орысша. - Алматы: БПКА, 2015.- 48 б.

Бұл кітапқа Ілияс Есенберлиннің айтылған ойлары, хаттары, баяндама күнделіктерінен алынған үзінділері енген. Сонымен қатар замандастарының, Н. Назарбаевтың, Д. Қонаевтың, Ә.Әлімжановтың, туған інісі Раунақ Есенберлиннің жэне үлы Қозыкөрпеш Есенберлиннің естеліктері бар.



Ахметбекұлы А. Көктудың желбірегені. - Алматы: Көктудың желбірегені «Сардар» баспа үйі, 2015. - 320 б.

Бұл жинаққа автордың «Атамекен», «Дауыс», «Астынан алты қырдың» «Ширығу», «Өлең» атты кітаптарынан іріктелген өлең поэмалары мен соңғы жылдары жазған бір топ өлеңдері енгізілді. Сонымен бірге бұл күнде «Көк тудың желбірегені» атты ән-өлеңдермен танымал ақынның әнге айналған өлеңдері де нотасымен бірге топтастырылды. Ақын өлеңдерінде рухани бостандық, адамдық өмірге деген сенім, мемлекетке деген құштарлық, биік рух асқақ шабытпен, бейнелі өлеңдермен өрнектеледі. Автордың «Сөзтану» атты кітабынан поэзия - өлең өнері туралы пайымдаулары кітап соңына арнайы кіргізілді. Кітап қалың оқырманға арналған.



Әлімқұлов Қ. Мәңгілік мұра. Зерттеулер. - Алматы: «Хантәңірі» баспасы, 2015. - 352 б.
Автор бұл кітабында заманымыздың заңғар ақыны Мұқағали Мақатаевтың шұрайлы шығармашылығына жан-жақты талдау жасауға талпынған. Оқырмандар көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарға жауап тауып, кітапта келтірілген кейбір тың деректерге діттейтіні даусыз. Әсіресе, жыр жолдары боп өрілген жәдігерлерді ақын өмірінің өзекті өрімдерімен тікелей байланысты бағамдау бағыты сәтті нәтижелерге жетелейді дегеніміз жөн. Сондай-ақ, Мұқағалидай мұзарт шыңның шығармашылық мұрасын бөліп-жармай толық талдау ниеті де құптарлық қадам ретінде қабылданатынына сеніміміз зор. Кітаптың тілі шұрайлы, айтылар ойдың бояуы қанық. Қай жастағы, қай мамандық иесі екеніне қарамастан, барлық оқырманға бірдей көзайым дүние деуіміз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет