85. Өнер. Өнер тану Құлахмет Қожықов – қазақ театры мен киносының тұңғыш суретшісі



бет5/22
Дата27.05.2018
өлшемі2,16 Mb.
#41017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

Өмірбекова М. Ш. Көшпенділер мәдениеті. Қазақтың дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері. Ғылыми-танымдық басылым. - Алматы: РПБК «Дәуір», 2014. - 292 б.

Көшпенділердің философиясының антропологиялық негізгі мәселесі ретінде төрт этникалық тайпаның рухани дүниетанымы мен материалдық мәдениеті, қола дәуірінен бастап бүгінгі күнге дейін жан-жақты зерттелген. «Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің мәдени рәміздік негіздері» атты тақырып бұған дейін философия, мәдениет, тарих, семиотика, лингвистика, этнография, археология, әдебиет саласында көтерілген емес. Еңбекте бұрын-сонды қарастырылмаған бейнелеу өнеріндегі таңбалар мен тотемдердің рәміздік мағынасы талданады. Кітап ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындарының оқьпушыларына, докторанттар мен магистранттарға, сондай – ақ тарихты құрметтейтін барша қауымға арналған.




5(5Қаз) Денсаулық сақтау. Медицина ғылымдары




Хамчиев Курейш. Адам организміне сиқырлы саяхат. «Шикула және К» ЖШС, 2014. - 136 б. - қазақша, орысша.

Бұл кітап балаларға қарапайым да түсінікті саяхат жасау арқылы өз организмімен танысуға, салауатты өмір салтының басты заңдарын түсінуге мүмкіндік береді. Бәлкім, осы кітапты оқығаннан кейін, бала өзіне ең ауыр, бірақ ең игілікті және қолайлы мамандықтардың бірі – дәрігер мамандығын таңдап алатын шығар. Кітап мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына, сондай-ақ тәрбиешілерге, оқытушыларға және ата-аналарға арналған.



81 (5Қаз) Тіл білімі

Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы: Көптомдық шығармалар жинағы. - Алматы: «Ел-шежіре», 2014. - 384 б.

Кітапта Абай шығармалары тілінің (өлеңдерінің де, «Қара сөздерінің» де) сөздік кұрамы мен грамматикалық ерекшеліктері талданады. Қазақ тілінің Абай колданған байырғы төл сөздерімен қатар ақын мұрасында кездесетін араб-парсы, орыс сөздері әңгіме болады. Ұлы қаламгер тіліндегі кейбір көне сөздермен бірге әдеби, тілімізге өзі қосқан немесе жандандырған жаңа сөздердің де сыр-сипаты танытылады. Қазіргі әдеби нормалармен салыстырғанда, Абайдың поэзиясының тілінде, әсіресе прозасында біршама ерекше болып көрінетін кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдер талданып, олардың мән-мәнісі, қолданылудағы себеп-дәлелі көрсетіледі. Кітаптағы негізгі мазмұнды ширата түсу мақсатында «Абай» энциклопедиясында жарияланған ғылыми-теориялық мақалалар» бөлімін осы қосуды орынды көрдік.



Жайлыбай Ғ. Таңдамалы. Т.1. Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы. - Алматы: «Ел-шежіре», 2014. - 384 б.

Кітапта Абай шығармалары тілінің (өлеңдерінің де, «Қара сөздерінің» де) сөздік құрамы мен грамматикалық ерекшеліктері талданады. Қазақ тілінің Абай қолданған байырғы төл сөздерімен қатар ақын мұрасында кездесетін араб-парсы, орыс сөздері әңгіме болады. Ұлы қаламгер тіліндегі кейбір көне сөздермен бірге әдеби, тілімізге өзі қосқап немесе жандандырған жаңа сөздердің де сыр-сипаты танытылады. Қазіргі әдеби нормалармен салыстырғанда, Абайдың поэзиясының тілінде, әсіресе прозасында біршама ерекше болып көрінетін кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдер талданып, олардың мән-мәнісі, қолданьшудағы себеп-дәлелі көрсетіледі.




Ержанова С. Сөз мәдениеті және көркем мәтін. Оқу қүралы. - Алматы: «Каратау КБ» ЖШС, «Дәстүр», 2015. - 232 б.
«Сөз мәдениеті және көркем мәтін» деп аталатын оқу құралы қазақ шешендік өнерінің сан ғасырлық тарихы болғандығын, ежелден бұл өнер ұлт тағдырын, ел, жер мүддесі үшін қоғамдық қызмет атқарғандығын, бұл мақсатты жүзеге асыруға көмектескен парасатты да пәрменді тіл болғандығын зерделеуге мән береді. Шешендік сөздің қуатын арттыратын көркем мәтін, тілдік құралдар, дидактикалық сипаттағы ақыл, нақыл сөздер таным процесі мен терең ойлаудың айқын жемісі екендігін көрсетеді. Шешендердің сөйлеу мәнерін, сөйлеу түрлерін, шешен бейнесін талдаудан туындаған шешендік сөз тағылымы кейінгі ұрпақты тәрбиелеуде өзекті мәселе болып табылады.

Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. Құраст.: ф.ғ.д. Ғ. Әнес және К. Шаймерденова. - Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014. - 640 б.
Филология ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сайрамбаев (1937-2009) қазақ тіл білімі синтаксисінің өзекті саласы - сөз тіркесінің қалыптасу кезеңдері, даму тарихы және тілдік қолданыстағы өзіндік ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген бірден-бір жетекші ғалым. Оның еңбектерінде сөз тіркестерінің түрлері, байланысу тәсілдері, сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен үйлесімді тіркес құрау заңдылықтары баяндалады. Сондай-ақ орыс тіл білімі мен түркітану синтаксис мамандарының осы мәселеге қатысты пікірлері, оның қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесіне ықпалды тұстары талданып көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет