8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


сабаққа қатысты әдістемелік нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет24/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабаққа қатысты әдістемелік нұсқаулық: Тарихи дискурс, пәнаралық 
байланыс түрінде сабақты ұйымдастыра отырып, интербелсенділік, сауал-
намалық, логикалық, танымдылық әдістерін пайдалану. 
сабаққа қатысты ескертпелер: Мұғалім сабаққа Қазақ әдебиеті пәні 
мұғалімін қатыстырып “бірлескен пәнараластық байланыс” тұрғысындағы 
“бірлескен сабақ” өткізуіне болады. Сабақтың танымдылық мақсатына орай 
“Жыраулар шығармашылығындағы Абылай бейнесі” атты тақырыпта кітап 
көрмесін ұйымдастыру керек. Абылай ханның ішкі, сыртқы саясатының 
ерекшеліктері мен бағыттарын көрсету үшін XVIII ғасырдың соңғы ширегіндегі 
қазақ хандығының ішкі саяси жағдайының сипатын талдаудан бастау керек. 
Одан әрі Абылай ханның ішкі саясаттағы реформаларын көрсете отырып, 
хан саясатының маңызын жыраулар шығармаларынан үзінді бере отырып 
талдауға болады. 
 сабақтың барысы. Мұғалім Абылай ханның ішкі саясатта жүргізген қазақ 
хандығын саяси жағынан орталықтандыру үшін жүзеге асырған шараларды 
талдаудан бастайды. 
Абылай ханның 1740–1742 жылдары Ресейге ант берумен қатар Қы-
тайдың билiгiн қабылдауының, негізінен, дипломатиялық шешiм екендігін 
түсіндіріп өтуі қажет. 1757–1760 жылдары Қытайдың да билiгiн мойындауы 
қазақ елiнiң дербестiгiн, жер аумағының бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсатынан 
туындағандығын құжаттар негізінде картамен жұмыс арқылы негіздеуге бо-
лады. Сонымен қатар, Абылай Орта Азия елдерiмен байланысын дамытуға 
да көңiл бөлгендігін айта отырып, XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында 
бiрқатар соғыстарда Ходжент әмiршiсiне, Ташкент бегiне соққы бергендігін де 
атап өту керек. Қазақтар жоңғарлармен соғысып жүргенде өзбек бектерiне ауып 
кеткен Түркiстан, Сайрам, Шымкент, Созақ және басқа бiрнеше қалаларды 
Абылайдың күшпен қайтарып алып, қазақтардың билiгiне қаратқандығын, 
олар тиесiлi алым-салығын төлеп тұруға мiндеттелгендігін атап өтеді. Мұғалім 
бұл шаралардың барлығы Қазақ хандығының халықаралық жағдайы жақсара 


21
бастағандығын, бұл жағдай, шын мәнінде, екi үлкен империяның ортасын-
да тиiмдi саясат жүргiзе бiлген Абылайдың қазақтың бөлшектенiп кеткен 
жерлерiн қайта бiрiктiру мақсатын жүзеге асырғанының нақты көрініс 
екендігін түсіндіреді. Мұның өзi Абылайды халықаралық деңгейдегi iрi сая-
саткер және қолбасшы ретiнде көршi аймақтарға да әйгiлi еткендігін, ханның 
табанды да тиянақты iс-әрекетiне сүйсiнген қазақ халқы Абылай туралы 
әртүрлi жырлар, өлеңдер шығарып, оның ерлiктерi мен көрегендiліктерiн ел 
арасында кеңiнен насихаттағандығын нақты жыраулардың шығармаларынан 
үзінді келтіру арқылы нақтылауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет