8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет25/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b
4-ВАРИАЦИЯЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ, !! Programma konferentsii IMA-2022 (1), 7 - сынып Сүйіспеншілік пен достық тарауы бойынша Екі дос тақырыбындағы ҚМЖ
Білімді бағалау мүмкіндіктері: Мұғалім сабақты алдынала дайындалған 
төмендегі сұрақтар негізінде қорытындылайды. 
1. Абылай Қазақ хандығын бір орталыққа бағындыру жолында қандай 
шараларды жүзеге асырды? 
2. Абылай хан билер мен сұлтандар билігін қалай шектеді?
3. Абылай ханды шебер дипломат әрі саяси қайраткер ретінде сипаттаңдар. 
4. Абылай ханның Қытайға көзқарасы қандай еді? 
5. Абылай хан Ресейге байланысты қандай саясат ұстанды?
Қосымша тапсырма.
Қазақ тарихындағы Абылай ханның орны мен рөлі туралы реферат да-
йындау. 
XVIII ғасырдағы ҚазаҚсТаН МӘдеНиеТІ
§15. XVIII ғасырдағы ақын-жыраулар шығармаларындағы
тарихи оқиғалар
сабақтың мақсаты
7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи 
дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
зерттеу сұрағы
XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай 
көрініс тапты?
Оқулық
XVIII ғасырдағы ақын-жыраулар шығармаларындағы тарихи оқиғалар. 
54–57 беттер.
Тірек сөздер. Батырлық жырлар, жорық жырлары, жорық ақындары, 
ауыз әдебиеті, жырау. 
ресурстар
Қазақтың халық творчествосы. – Алматы: Ғылым, 1989. – 416 б.
Бабалар сөзі. 100 томдық. Астана, Фолиант, 2011 – 2014. 
Он ғасыр жырлайды. Алматы, 2006. – 408 б.
Бес ғасыр жырлайды. 1-2 томдар. Алматы: Жазушы, 1989. 
Зар заман. Алматы: Жалын, 1993.


22
Көрнекілік
Карта. ХVІІІ ғасырдағы Қазақстан, жоңғар шапқыншылығы бейнеленген 
көркемсуреттер. Ақындардың суреттері мен батырлық дастандар графикасы 
беріледі. Кітап көрмесі. 
Мақсатты айқындау
XVIII ғасырда қазақ әдебиетінің одан әрі жандана түсуіне жоңғар 
шапқыншылығына қарсы күресте қазақ ақындары мен жырауларының қазақ 
батырларын ерлікке жігерлендірген жорық жырларын тарихи оқиғалармен 
байланыстыра отырып түсіндіру. “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” 
деп аталған қасіретті кезең, сұрапыл соғыстар, жеңісті жорықтар, саяси және 
қоғамдық өңірдегі өзгерістер бұл кезеңдегі қазақ әдебиетінің идеялық бағыт-
бағдарына, тақырып аясына ерекше ықпал еткенін сипаттау. Сол тарихи 
кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі 
жағдайдың әсерінен жаңа батырлық жырлар, аңыз-әңгімелер туындағанын 
жеткізу. 
Дамытушылық маңызы.
XVIII ғасырда қазақ әдебиетінің дамуын, сол 
дәуірде туындаған таңдаулы жырларды оқи отырып, оны тарихи оқиғалармен 
сабақтастыру, оқиғаларды “Қазақ әдебиеті” мен “Қазақсан тарихы” пәндері 
арасындағы байланыс тұрғысында баяндау арқылы оқушыларды “пәнаралық 
байланысты” қолдануға, оқиғаларды сабақтастықта қарастыруға, кешенді 
ойлауға, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелік маңызы.
Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін, елін қорғаған 
қазақ әскерінің, батырларының ерліктері көрініс тапқан тарихи жыр-
лар, қол бастаған қазақ батырларының жорықтары мен ерліктерін жырға 
қосқан ақындар шығармалары арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, 
Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқан сындары арқылы оқушыларды 
шыншылдыққа тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет