8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет27/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b
4-ВАРИАЦИЯЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ, !! Programma konferentsii IMA-2022 (1), 7 - сынып Сүйіспеншілік пен достық тарауы бойынша Екі дос тақырыбындағы ҚМЖ
сабақ түрі мен әдісі 
Пәнаралық байланыс (Қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы).
Тарихи, әдеби поэтикалық сараптау.
сабаққа қатысты ескертпелер
Келесідей мәселелер басты назарда ұсталады:
1. ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының ақын-жыраулары.
2. Бұқар жырау шығармаларының сарыны мен мазмұны.
3. Ақтамберді жыраудың батырлық, қаһармандық шығармалары.
4. Үмбетай жыраудың Бөгенбай батырдың қазасын өлең жолдарымен 
естірту. 
5. Тәттіқара және Шал ақын шығармаларының ерекшеліктері.
ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының ақын-жырауларының жоңғар шап-
қыншылығына байланысты туындылары, жоңғарлардың қазақ жеріне кіруі, 
ірі шайқастар болған жерлер көрсетілген карта арқылы баяндалады. ХVІІІ 
ғасыр ақындарының жорық жырларын оқығанда дауыс ырғағы (интонация) 
арқылы оқушыларға патриоттық сезім тудыру керек. Карта интерактивті 
тақта арқылы көрсетіліп, ХVІІІ ғасыр ақын-жырауларының шығармалары 
экраннан жүргізіліп оқылатын бағдарлама арқылы жасалған слайдпен қатар 


24
көрсетілсе мақсат етіп қойған тақырыпты тез игеруге болады. Сабаққа “Қазақ 
әдебиеті” пәнінің мұғалімін қатыстырып, тақырыпты кезектесе отырып 
түсіндірсе, оқушылардың қызығушылығы арта түседі. 
Бағалау мүмкіндігі
Сабақты келесідей сұрақтармен қорытып, оқушы білімін бағалауға болады.
1. Жорық ақындары деп кімдерді айтамыз?
2. Жорық жырларының мазмұнының ерекшеліктері қандай?
3. Бұқар жыраудың тарихта алатын орны қандай?
Қосымша тапсырмалар
1. ХVІІІ ғасырдың ақын-жырауларының шығармаларының желісіне 
құрылған эссе құраңдар. 
2. Бұқар жырау мен Ақтамберді жыраудың батырлық жырларынан үзіндіні 
жатқа айтыңдар.
Білімін шыңдауға берілген тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
1. Жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте халықтың намыс-жігерін 
өз шығар маларында айқын көрсеткен жыраулар:
А) Кетбұға; 
Е) Марғасқа;
В) Асан қайғы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет