8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет86/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Мақсатты айқындау
Мұғалім оқушыларды қазақтың батырлар жырларын және айтыскер 
ақындардың шығармаларын бағалауға бағыттайды.
Дамытушылық маңызы
. Бүгінгі күндері қазақ өнерінде халыққа көрсе-
тіліп жүрген туындыларда халықтың ауызша жырларының қалай пайда-
ланылғанын анықтап оқытушы оқушыларды қазақтың ауызша жыршылық 
өнерін бағалауға тәрбиелейді. Сонымен қатар айтыс ақындарының бұрынғы 
үлгілерімен қазіргі күндері қолданыстағы айтыс өнерінің тарихи сабақтас-
тығын ұғынуларына көмектеседі.
Тәрбиелік маңызы
. Мұғалім оқушыларды жыраулардың және айтыскер 
ақындардың шығармаларымен таныстыру арқылы олардың санасында 
қазақтың дәстүрлі өнер үлгілеріне деген ерекше құрметті және мақтаныш 
сезімін қалыптастыруға күш салады.
сабақтың деректік материалдары
Оқытушы оқушыларға қазақ әдебиетінің ауызша шығармашылығында 
жырланған тарихи тұлғалар туралы жырлардан үзінділер таратып береді. 
Осы үзінділермен танысқаннан кейін оқушылардың бірінші тобы Исатай 
Тайманұлы, Бекет және Есет батырлар, Кенесары мен Наурызбай және т.б. ау-
ызша шығармашылықта қалай жырланғанын сипаттап қысқаша эссе жазады. 
Оқушылардың екінші тобы айтыс өнеріне байланысты қазақ ауыз әдебиетінде 
қандай айтыскер ақындардың болғанын анықтап, олардың шығармашылығы 
туралы өз пікірлерін білдіреді. Оқушылардың үшінші тобы ХІХ ғасырдың 
бірінші жартысында қазақ халқында айтыс өнерінің қандай түрлерінің 
тара
лғандығын анықтайды. 
сабақ түрі мен әдісі
Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, 
ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін 
дамыту.
сабаққа қатысты ескертпелер
Халық жырауларының және айтыскер ақындардың өнері туралы әңгіме-
легенде оқытушы осы рухани мұралардың бүгінгі қазақ өнерінің іргетасы 
және рухани негізі болып табылатынын әрқашан есте ұстауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет