Мақсатты айқындау
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті ұлт мақтанышына айналған дарынды
тұлғалардың дара туындыларының сан қырлылығымен және көптігімен
ерекшеленетінін, жеке поэтикалық шығармашылық туындылардың иелері
халық ауыз әдебиеті дәстүрлерін жаңа туындылармен байытқанын, дәстүрлі
поэзия ырғақтары ХІХ ғасырда дендеп енген отаршылық бұғауына қарсы
күрес құралына айналғанын, ақындармен қатар, айтыс өнерінің шеберлері,
әнші-сазгерлер, қисса орындаушы жыраулар дәстүрлерін жалғастырып,
олардың барлығының туындысы халық өмірімен, халықтың күнделікті тұрмыс
тіршілігімен байланысты өрбігенін баяндау.
Дамытушылық маңызы
. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілдері
мен олардың шығармаларының желісін жеткізу, ХІХ ғасыр ақындарының
шығармаларынан үзінділер оқу, халық ауыз әдебиеті үлгілерінің хатқа түсуі,
басылым болып шығуын жеткізу оқушылардың шығармашылық қабілетін
одан әрі шыңдай түседі. ХІХ ғасыр ақындарының өлеңдерін жаттату арқылы
оқушылардың ой-санасын, логикалық ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік маңызы.
ХІХ ғасыр ақындарының шығармаларында отар-
шылдыққа күрес, сол кездегі тұрмыс-тіршіліктің тауқыметінің көрініс та буы
оқушыларды, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, алғырлыққа, шап шаң дыққа,
ойшылдыққа тәрбиелейді.
сабақ түрі мен әдісі
Тарихи, әдеби дискурс, дөңгелек үстел. Интербелсенділік, сауалнамалық,
логикалық.
сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында басты назарда ұсталатын мәселелер:
2. ХІХ ғасырдағы халық ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдері
Мұғалім сабаққа Қазақ әдебиеті пәні мұғалімін қатыстыра “бірлескен
пәнаралық байланыс” тұрғысындағы “бірлескен сабақ” етіп өткізуіне болады.
Сабақтың танымдылық мақсатына орай, “ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті”
атты тақырыпта кітап көрмесін ұйымдастыру керек. Алдындағы сабақтардан
өзгеше болу үшін кітап көрмесін сыныпта емес, мектеп кітапханасында немесе
кітапхана алдында ұйымдастыруға болады. Көрме аясында “оқырмандар кон-
ференциясы” өтсе, онда оқушылар ХІХ ғасыр әдебиеті өкілдері шығармаларын
талдаса, сабақ жан-жақты қамтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |