8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет96/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Мақсатты айқындау
Оқушылардың тарихи-әдеби танымдылығын, ойлау, талдау, сараптау 
қабілеттерін арттыру. 
Махамбет Өтемісұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Нысанбай Жаманқұлұлы, 
Сүйінбай Аронұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат 
Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Қашаубай жырау шығармаларының өзегі болған 


91
тарихи оқиғалар мен қоғамда орын алған оқиғаларды ХІХ ғасырдағы қазақ 
әдебиетімен байланыстыра баяндау. 
Қазақ әдеби шығармашылығының ертеден, атадан балаға мұра болып келе 
жатқан түрі – ақындар айтысында суырып салма сөздің шебері айтыскерлер де 
күнделікті тұрмыс аясындағы тірлікпен заманның ащы шындықтарын ортаға 
салып отырғанын, Жанақ, Шөже, Шортанбай, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, 
Шернияз, Біржан, Бақтыбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәрбие, Ақбала ай-
тыскер ақындардың есімдері сөз тапқырлықтарымен, айтыстағы шешендік 
өнерлерімен халық арасында даңққа бөленгенін жеткізу.
Сабақты өту барысында басты назарда ұсталатын мәселелер

1. Махамбет Өтемісұлы шығармаларының негізгі арқауы болған оқиғалар 
3. ХІХ ғасыр ақындарының патша үкіметінің отаршылық саясатына 
наразылық білдірген шығармалары. 
сабақтың деректік материалдары
ХІХ ғасыр жорық ақындарының шығармалары: Мысалы
Шортанбай Қанайұлы (1819–1881) “Алдаушы жалған” дастанында 
отаршылдарға қарсы сөз арнаған:
”Пітіне толды осылай,
Момын жатқан еліме, 
Кәр түскендей бұзылды
Дария шалқар көліме.
Осы күнде заманың
Осылайша болып тұр!”
Шортанбай ақын тәуелсіздігінен айырылған халық тағдырына қатты 
қайғырып, өлең-жырлары арқылы елді бірлікке шақырады.
Мұрат Мөңкеұлы (1843–1906) шығармашалығы Батыс Қазақстанда болған 
оқиғалармен тығыз байланысты өрбіген. “Үш қиян” атты өлеңінде халықтың 
отарлау жағдайындағы жай-күйін жеткізеді:
”Еділді тартып алғаны,
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны,
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны,
Ойындағысының болғаны,
Маңғыстаудың үш түбек,
Оны-дағы алғаны.
Үргеніш пен Бұқарға
Арбасын сүйреп барғаны,
Қоныстың бар ма, қалғаны?!
Мал мен басты есептеп,
Баланың санын алғаны.
Аңғарсаңыз, жігіттер,
Замананы тағы да,
Бар қырсықтың шалғаны!”


92
Мұрат Мөңкеұлы отаршылдық саясат қазақтардың ежелгі жерлерін басып 
алып қана қоймай, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге де кесірін тигізеді деген 
алаңдаушылығы мен қорқынышын жасырмайды. Ол Асанқайғы, Қазтуған, 
Орақ, Мамай, Телағыс, Шора, Исатай сияқты туған өлкесін қорғай алмай, 
арманда кеткен батырлар туралы толғанады. 
Дамытушылық маңызы
: тарихи көзқарас пен дүниетанымын кеңейтіп, 
есте сақтау, пікірталасқа түсе алатын қабілеттерін арттыру. 
Тәрбиелік маңызы
: тарихи дәуірлерде елін қорғаған, елін, жерін, халқын 
жырға қосқан тарихи тұлғалардың өмір жолдары мен еңбектері арқылы 
оқушыларды өз елінің тарихына, тарихи тұлғаларына деген құрметін арт-
тыру, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет