8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


Көрнекілік Фотослайд, ХІХ ғасыр әнші композиторларының суреттері Мақсатты айқындау



Pdf көрінісі
бет98/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b
4-ВАРИАЦИЯЛЫҚ ҚАТАРЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ, !! Programma konferentsii IMA-2022 (1), 7 - сынып Сүйіспеншілік пен достық тарауы бойынша Екі дос тақырыбындағы ҚМЖ
Көрнекілік
Фотослайд, ХІХ ғасыр әнші композиторларының суреттері
Мақсатты айқындау
ХІХ ғасыр қазақ музыка өнерінің де гүлденген дәуірі болғанын, бұл 
кезеңде өмір сүрген қазақтың композитор, әншілері мен күйшілерінің 
шығармалары халықтың музыкалық классикасының негізін қалағанын, 
халық композиторларының барлығы дерлік хат танитын, кейбірі орыс, араб 
тілдерін меңгерген, өз шығармаларын жаза алатын өз заманының білімді адам-
дары екенін жеткізу. Осы заманғы композиторлардың шығармаларында өмір 
қайшылығы, тұрмыс-тіршіліктің боямасыз көрінісі, қоғам өмірінің маңызды 
әлеуметтік мәселелері, адамдардың күнделікті тұрмысындағы оқиғалар
махаббат, қазақ әйелдерінің қоғамдағы орны айқын бейнеленгенін жеткізу. 
Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет Қазанғапұлы, 
Ықылас Дүкенұлы, Сарымалайдың күйлері мен әндерінің желісінде өздері 
өмір сүрген қоғамның тыныс-тіршілігінің көрініс тапқандығын жеткізу. 
Дамытушылық маңызы. 
ХІХ ғасырдың, күйші лерінің шығармаларымен 
таныстыру арқылы қазақ халқының мәдениетін, рухани мұрасын құрмет 
тұтуға, шығармашылық ой-саналарын арттырып, қабілеттерін шыңдауға, 
өнер мен білімге деген құштарлықтарын, осы тақырыпты ғылыми зерттеу 
жұмысына алу мақсатын дамыту.
Тәрбиелік маңызы. 
ХІХ ғасырдың әнші композиторлары, күйшілерінің 
шығармаларымен танысу оқушыларды мәдени мұрамызды, рухани бай-
лығымызды, халық мұрасын құрметтеуге тәрбиелейді, эстетикалық талғамын 
“тұлғатанулық” танымын қалыптастырады. 
сабақтың деректік материалдары
сабақ түрі мен әдісі
Пәнаралық байланыс. Танымдылық, ғылымилық. 


94
сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында келесідей басты назарда ұсталатын мәселелер: 
1. ХІХ ғасыр музыкасының көрнекті өкілдері.
2. ХІХ ғасырдағы қазақ музыкасының ерекшелігі.
3. Құрманғазы күйлерінің негізгі желісі. 
Сабақты “Ән күй”, “Қазақ әдебиеті” пәндерімен “пәнаралық байланы-
сты” сабақ ретінде ұйымдастырып, ХІХ ғасыр күйлері мультимедиялық 
қондырғылар ар қылы тыңдату керек. Сабақты сұрақ жауап түрінде өткізіп, 
оқушылардың тақырыпқа толығымен енуін қамтамасыз ету керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет