8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет92/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Тоғыз құмалақ. Тоғыз ұмалаты ойлылар ойыны десе болады. Кәдiмгi есеп-
ке ұрылатын бұл ойын адамның ойлау, талдау қабiлетiн ерекше дамытады. 
Сондықтан да оны «малшылар математикасы» деп орынды атайды. Тоғыз 
құмалақтың ерекшелiгi сол, ол ешқандай құрал қажет етпейтiн өте қарапайым 
ойын. Ойыншылар кездескен сәттерiнде ойын тақтасын, отауларды оп-оңай 
сызып салады. Шығыс халықтарының дәстүрi бойынша, ойын оңнан сола 
қарай, яғни сағат тiлiне қарама-қарсы жүргiзiледi. Тоғызқұмалақ ойыны ар-
найы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 
162 құмалақтан тұрады. Ойын басында әр ойыншыға бір қазан, тоғыз отауға 
тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Алғашқы жүріс жасаған 
ойыншыны – бастаушы, қарымта жүріс жасаған ойыншыны – қостаушы деп 
атайды. Кейде бастаушы үшін – ақ жағы, қостаушы үшін қара жағы деген 
тіркестер қолданылады. Отаулар әрiптермен белгiлендi. Қазiр тоғыз құмалақ 
елiмiзде кең тараған ұлттық ойындардың бiрi, одан республика деңгейiнде iрi 
жарыстар өткiзiледi. Сондай-ақ бұл ойынды қазақтар ғана емес, елде тұратын 
өзге ұлт өкiлдерi де құмарта ойнайды.
Мұғалім осындай ақпаратты бере отырып, тоғызқұмалақ тақтасының 
суретін көрсетеді, ережесімен таныстырады. 
Қазақша күрес.Барлық дәстүрлi мерекелерде ат ойындарынан басқа ежел-
ден келе жатан тарихы бар қазақша күреске де үлкен орын берiледi. Қазақша 
күресте тең түсу немесе ұпай арқылы жеңу деген болмайды. Уақытқа шектеу 
қойылмағандықтан, палуандардың қалай да бiреуi жеңетiн болған. Қазаша 
күресте жасқа да, салмаққа да шек қойылмайды. Тәуекел еткендер өзінен 
жасы үлкендермен де белдесе бередi, «Күш атасын танымайды» деген сөз 
содан қалған.Палуандарын батырдай көрген халық олар туралы өлең, жыр-
лар қалдырған. Қазақ халқы Қажымұқан, Балуан Шолақ, Битабар сынды 
алыптар
ды туған.
Бағалау мүмкіндігі
Қазақтың ұлттық ойындарын топтастыр. Осы кестені толтыр
Балалар ойындары
Жастар ойындары
Ересектер ойындары


88


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет