8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет91/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

Тірек сөздер: Ақсүйек; тобық жасыру; теңге алу; арқан тарту; көкпар; 
қыз куу.
ресурстар
1. Қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерi: өткендегiсi және бүгiнi. 
– Алматы: Ғылым, 2001. – 428 б.
2. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 1-том. Бір¬тұ-тастығы 
және ерекшелігі / Құрастырған С.Әжіғали. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2005. 
– 328 б. 
3. Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 2-том. Дүниеге кел-
геннен озғанға дейін (отбасы¬лық әдет-ғұрыптар ертеректегі авторлардың 
еңбектері бойынша. 2-том. – Алматы: «Арыс» баспасы. 2006. – 416 б.
Көрнекілік
Қазақтың ұлттық ойындарының фотосуреттері. 
Мақсатты айқындау
Ұлттық ойындарды оқыту арқылы оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа, 
ұтқырлыққа тәрбиелеу. Рухани мұраларға қатысты білімдер мен дағдыларды 
игеруге баулу. 
сабақтың түрі мен әдісі
Блум таксономиясы.Ізденіс және шығармашылық сабақ
сабаққа қатысты ескертпелер
Мұғалім кітапта қамтылмаған ойындар туралы айтуы керек.
Асық ойындары– көнеден келе жатқан ұлттық ойын. Бағзы замандар-
дан бері қазақ балалары өмірде кездесетін түрлі заттардан өздеріне лайық 
ойыншықтар жасап, ойын түрлерін молайтып отырған. Әсіресе, қой, ешкі, 
тау теке, тау ешкі, арқар, құлжа сяқты жануарлардың асығы мен тайынша-
торпақтың томпайларынан пайдаланып көңіл көтеріп, зейін-зердені ашатын 


87
сан алуан ойын түрлерін шығарған және тапқырлап отырған. Асық қағу
қаршу, шұбырту, ұпай, ат жарыстыру, қошқар соғыстыру, мұз ойнақ, хан 
ойыны, аламан хан, үш табан, бүк-шік және т.б. сондай асық ойындарының 
бізге жеткен түрлері.
Бұл ойындар олардың шыдамдылыын, шапшаңдыын, ептiлiгiн, тапыр-
лыын, табандылыын, мрттiгiн шыңдаан. Бұл ойынға негізінен 3-6 балаға 
дейін қатынасады. Шеңбер ішіне әр бала екі-үштен тіккен, тізіле қойылған
асықтарды 4-5 қадам жерде тұрып сақамен дәлдей атып, тигізіп, шеңбер 
сыртына шығара алған ойыншы асықты ұтып ала береді. Асығын түгел 
ұтқызғандар ойыннан шығып отырады, көп асық ұтқаны жеңімпаз болады.
Мұғалім асық ойынына қатысты мәліметтерді бере отырып, оқушылардан 
ішінен асық жинауға құмартатыны кім екенін сұрайды. Балаларға асық 
жинауға, ойнауға кеңес береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет