8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет73/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

сабақ түрі мен әдісі
Тарихи танымдылық, ғылыми-танымдық. Интербелсенділік, сыни талдау, 
креативті ойлау.
сабаққа қатысты ескертпелер
Сабақты өту барысында басты назарда ұсталатын мәселелер келесідей: 
1. Байырғы қазақтардың қыстау ауылдарының келбеті. 
2. Қазақ ауылдарының жайлаудағы келбеті. 
3. Ауыл ақсақалының атқаратын міндеті. 
Мұғалім жаңа тақырыпты бастар алдында балалардан қазіргі кездегі 
“ауыл” туралы сұрайды. Мысалы, қалада тұратын балалардан “ауыл” тура-
лы не білетінін сұраса, ауыл баласынан “біздің ауыл” тақырыбында қысқа
сұрайды. “Біздің білетініміз қазіргі заманғы ауыл, ал байырғы заманғы ауыл 
қандай болған?” деген сауалнаманы айта отырып жаңа сабақты түсіндіруге 
көшеді. Мұғалім сабақты дәстүрлі қазақ ауылының бейнелі қойылған 
фотоклипті көрсете отырып түсіндіреді. Киіз үйдің жабдықтары немесе 
мерзімдік қоныстар (қыстау, көктеу, жайлау, күздеу) сияқты ерекшелікті 
көрсететін 2-3 минуттық деректі фильм немесе алдын-ала жасалған түрлі-
түсті слайд арқылы түсіндіруге болады.
Бағалау мүмкіндігі
Оқушы білімін бағалауға ұсынылатын сұрақтар:
1. Қазақ ауылында шамамен қанша үй болған. 
2. Қазақтың мерзімдік қоныстары дегенді қалай түсінеміз және қандай 
сипаттама береміз? 
Қосымша тапсырма
“Дәстүрлі қазақ ауылы” және “Мен білетін бүгінгі ауыл” тақырыбында 
эссе жазыңдар.
Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
1. Маусымдық жайылым түрлерін табыңыз:
А) Қырға шығу;
Е) Жайылым;
В) Қыстау; 
F) Күздеу;
С) Өріс;
G) Шидем;
Д) Жайлау; 
H) Суат.


69
Тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
2. Алыс жайылымдарға көшетін аймақ қазақтары:
А) Шығыс Қазақстан, Алтай;
В) Маңғыстау, Үстірт;
С) Оңтүстік Қазақстан, Сырдария;
Д) Үстірт, Арал маңы;
Е) Сырдарияның төменгі ағысы бойы;
F) Жетісу, Сарыарқа;
G) Солтүстік Қазақстан;
H) Тарбағатай, Жетісу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет