Классификациялық міндеттер мысалы құжатты дайындау үшін пайдаланылған компьютердің, принтердің типін, моделін, қағаздың, бояудың арналуын, жазу құралының түрін анықтауға жағдай жасайды.
Диагностикалық және ситуациялық міндеттер мыналарды анықтауға бағытталған:
-
Құжаттың немесе оның фрагменттерінің (полиграфиялық, қол жазба немесе т.б.) дайындалу тәсілін, құжаттың бастапқы мазмұнының өзгертілу тәсілі мен фактісін (мысалы қосып жазу, тырналау, тазалау);
-
құжаттың бастапқы мазмұнын (тазалау, бояудың өшіп кету салдарынан көрінбейтін немесе нашар көрінетін жазбаларын қалпына келтіру).
Идентификациялық зерттеулер мынандай жағадйларда ұқсастықтарды анықтау мақсатында жүргізіледі:
-
құжаттарды немесе оның фрагменттерін дайындау үшін қолданылатын нақты техникалық құралдар (мөрлер, штамптар, әр түрлі мысалы шариковый т.б. қаламсаптар, касса аппараты және т.б.);
-
бүтіннің бөліктері бойынша (жыртындылары бойынша құжатты құрастыру);
-
құжатты дайындау үшін пайдаланылған материалдар (картон, чернила, қағаздар және т.б.);
-
сақталу немесе пайдалану жағдайларын сипаттайтын белгілері бойынша құжаттың пайда болу көзі;
-
бланкінің немесе құжаттың техникалық орындаушысы.
Құжаттарды сот-техникалық сараптамалау бойынша мынандай сұрақтар қойылады:
Алғашқы мазмұны өзгертілген құжаттар бойынша сараптама бойынша:
-
Құжаттың алғашқы мазмұны өзгертілген бе? Қандай тәсілмен өзгертілген? (тазалау, қосып жазу, тырналау);
-
Егер құжаттың мазмұны өзгертілген балса, онда оның алғашқы мазмұны қандай?
-
Құжаттың негізгі мазмұны орындалғаннан кейін цифрлар, әріптер, сөздер қосып жазылған ба?
-
Адамның қолы алдын ала техникалық дайындықпен қойылған ба? (қаламмен, көшірумен т.б.).
Жапсыруды анықтау мақсатындағы құжаттарға сараптама:
-
Құжаттағы фотокарточка кейіннен жапсырылған ба?
-
Ұсынылып отырған құжаттағы мака жапсырылған ба?
Достарыңызбен бөлісу: |