Мультфильмнің бала тәрбиесіне кері әсері.
Мультфильм арқылы кішкентай жеткіншектерімізді салт-дәстүрін қадірлейтін, сыйлайтын, ұлттық мүддемізге сай патриот етіп тәрбиелей аламыз. Демек, мультфильм дегеніміз – өте күшті идеологиялық қару .
Мультфильм – жас ұрпақты тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Жас балалар теледидардан не көрсе, соған еліктейді, жақсы мен жаманды да сол көгілдір экраннан үйренеді. Қазіргі таңдағы мультфильмдердің мазмұнына келсек, ойға қонымсыз, бала тұрмақ үлкен кісіні дұрыс ойдан адастыратынын байқаймыз. Қазіргі жас ұрпақ «Трансформер», «Мегамозг», «Халк», «Аватар»,«Шрек» сияқты құбыжықтарды құрметтеп, солардың тәлім-тәрбиесімен өсіп келе жатқандығы баршамызды алаңдатарлық жайт болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |