Миграция. Миграция (лат.migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың бір аймақтан (штаттан) екінші аймаққа, кейбір жағдайларда үлкен топтармен және алыс қашықтыққа қоныс аударуы.
Орыс ғалымы О.Д.Воробьева өз еңбектерінде халықтың көші-қоны «бұл әкімшілік-аумақтық құрылымдардың сыртқы және ішкі шекараларын кесіп өтуімен байланысты олардың кез-келген аумақтық орын ауыстыруы, олардың тұрақты тұрғылықты жерін өзгертуі.
Миграциялық процесс – бұл барлық мемлекеттердің арасында болатын құбылыс болғандықтан, халықтар жер ауыстырғанда өзге мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына ауысады. Демек, өзі келген мемлекеттің ұлттық заңнамасына тиесілі болады. Әр адам өзі тиесілі мемлекеттің азаматы болғандақтан, оның құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып, өзінің мемлекеті танылады. Миграциялық процестерге тікелей қатысатын азаматтардың құқықтарын негізінен сол азамат шыққан мемлекет қорғайды. Халықаралық миграция құбылысы күрделі және ауқымды болғандықтан, мигрант болып келген адамдардың құқықтық статусы анықталады. Мысалы, егер адам бір мемлекетке оқуға, демалуға, еңбек шарты бойынша жұмыс істеуге және т.б жағдайлармен келсе, онда бұл процестер құқықтық жағынын заңды деп есептелінеді. Олар көбіне мемлекеттен бөлінеген квотамен немесе шетелдіктерге арналған рұқсаттамамен мемлекетте жүріп – тұрады. Егер келген азамат тіркеуге тұрмай, не заңсыз кәсіппен айналысатын болса, онда кез келген мемлекет ол азаматты өз территориясынан шығаруға толық құқығы бар. Ол біздің «Әкімшілік құқықтық» кодекс бойынша «депортация» деп аталады.
«Көшi-қон – жеке тұлғалардың бiр мемлекеттен екiншi мемлекетке, сондай-ақ, мемлекет iшiнде тұрақты немесе уақытша, ерiктi түрде немесе мәжбүрлi түрде қоныс аударуы. Еңбек көшiқоны – еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жеке тұлғалардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ, мемлекет iшiнде уақытша қоныс аударуы»[1].